Munarmedia.kz-13.11.2026ж/Астана/-Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аспалы жолы Worldworthy 100 халықаралық рейтингі бойынша әлемдегі үздік 100 аспалы жолдың ішінде тоғызыншы орынға ие болды. Бұл – Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіш.
Сонымен қатар Іле Алатауындағы жаяу серуендеуге қолайлы шатқалдар да халықаралық рейтингтен орын алды.
Атап айтқанда:
Қимасар шатқалы – әлем бойынша 56-орын, Қазақстанда бірінші орын;
Бұтақты шатқалы – әлем бойынша 79-орын, Қазақстанда екінші орын.
Рейтинг туристердің пікірлері, келушілердің бағалары, журналистік зерттеулер мен ашық дереккөздер негізінде жасалған.
Бұған дейін осы рейтингке Шарын шатқалы да еніп, әлемдегі үздік шатқалдар арасында 17-орынға жайғасқан болатын.
Бұл нәтижелер Қазақстанның табиғи туристік нысандарының халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді.
#Қазақстан #Алматы #Шымбұлақ #Туризм #ІлеАлатауы #Қимасар #Бұтақты #Шарын