Munarmedia.kz 28.04.2026 /Astana/ —Заңсыз ойын бизнесінің жалпы айналымы 557 млн теңгеден асқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, құмар ойындарды ұйымдастыру үшін покерге арналған мобильді қосымша пайдаланылған. Онда «Vendetta» және «AMG600L» атты ойын клубтары құрылып, олар «Nomad» деген бірыңғай желіге біріктірілген.
❗️Клубтар тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын тартқан. Қатысушыларды көбейту мессенджерлер мен жаппай хабарламалар арқылы жүзеге асырылған.
Ойыншылар өз аккаунттарын банк шоттарына аударым жасау арқылы толықтырып, кейін ойынға қажетті «фишкалар» алған. Ұйымдастырушылардың табысы әр ойын үстелінен алынатын 3–5% көлеміндегі комиссия (рейк) есебінен қалыптасқан. Сонымен қатар, кейбір ойыншыларға виртуалды қаражат қарызға берілген.
❗️Қаржылық операцияларды жасыру мақсатында «дропперлердің» есепшоттары пайдаланылған, олардың ішінде шетел азаматтары да бар. Әрбір шот үшін 100-ден 200 мың теңгеге дейін сыйақы төленген. Нәтижесінде, жалпы қаржы айналымы 557 млн теңгеден асқан.
Тінту барысында заңсыз бизнесті ұйымдастырушыдан есірткі заттары табылған. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
📍Тергеу мәліметтері ойынға қатысушылардың ірі қаржылық шығынға ұшырағанын көрсетеді. Кейбір жағдайларда шығын көлемі 30 млн теңгеге дейін жеткен.
#Munarmedia #Astana #Шымкент #Қылмыс #ОнлайнКазино #ҚаржыМониторингі #Қауіпсіздік