ШЫҰ -әлемдік саясатқа ықпалы мен болашағы
Бірі Қытай мен Ресей НАТО-ға бәсекелес ұйым қүрмақшы десе, бірі тіпті демократиялық принципсіз елдер басшылары жаңа әлемдік тәртіпті орнатуға талпынуда десіп жатты.
Басында ШЫҰ өзара достық қарым-қатынасты нығайту, экстремизм мен терроризммен күресу мақсатында құрылды.
Алайда бұл ШЫҰ түпкі мақсатын ашып көрсетпейді.
Мысалға, Ресей өзінің сыртқы саясатындағы әрекеттерін ШЫҰ елдердің қолдап кеткенін қалайды.
2008 ж Ресейдің экс президенті Д.Медведев Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау, 2014 жылы Қырымның Ресейдікі екенін, 2022 жылы Маскүйеуліктер ШЫҰ мүше елдерінің БҰҰ қаралған Украинаға соғысын қолдау туралы мәселелерді көтерген еді.
Көптеген халықаралық ұйымдардан шығып қалған Ресей үшін ШЫҰ халықаралық аренада анда-санда болса да көріне алатын алаңға айналды.
Қытайда ұйым мүшелеріне "бір тағдырлы қауымдастық" идеясын тықпалап әлек болуда.
Жыл сайыңғы саммитте әр мемлекет басшысы баяндама жасап, көптеген құжаттарға қол қойғанымен қарқынды жүзеге асқан бірі жоқ.
ШЫҰ бизнес қауымдастықтың бірлестігі болғанмен 20 жылда бірлесіп жүзеге асырған бірде-бір жобалары көрінбеді.
Екіншісі, ШЫҰ банкаралық бірлестігі. Қаржылық жүйе тақырыбында семинар өткізуден аспайды.
Әр елде антитеррорлық оқу жаттығулар өткізетін Өңірлік антитерролық құрылым ғана анда-санда бірлескен жаттығу шараларын ұйымдастырады.
Бұл жағынан ШЫҰ бас хатшылығына бұрыңғы дін істер, кейіңгі қорғаныс министрі Н.Ермекбаевтың тағайындалуы тегін емес. ШЫҰ жетістіктері де жоқ емес. 1996 жылы Қытаймен шекаралас посткеңестік елдермен шекарасын белгілеуде үлкен роль атқарғанын айта кету керек.
Қытай мен Ресей ШЫҰ ықпалын жүргізуде бәсекелестікке түсті.
Бейжің ШЫҰ өзінің Орталық Азиядағы экономикк және қауіпсіздік саласындағы саяси амбициясын жүзеге асыратын алаң ретінде пайдалануды көздеді.
ТМД және Ұжымдық қауіпсідік келісім ұйымын құрған Ресей ОА елдерін өз уысында ұстауды көздеді.
Нәтижесінде Орталық Азияға аяқ басқан НАТО-ның әскери базаларын шығарып жіберді.
Ресей Қытайдың еркін сауда аймағы мен даму банкін құру идеясын жүзеге асырмауға атсалысты.
Нәтижесінде Қытайдың ШЫҰ деген қызығушылығы жоғалып, жеке қимылдай бастады.
Содан бері Орталық Азия мен Қытай қатынасы Ресейсіз "Қытай +Орталық Азия" келісімі негізінде жүзеге асып келеді.
Сонымен қатар Қытай ШЫҰ мүше елдерімен жеке-жеке әскери жаттығулар өткізуді әдетке айналдырды.
2017 жылы Ресей ШЫҰ ауқымын кеңейтуді көздегенде Қытайдың бұл ұйымға селқос қарауы оның тиімділігін азайтты.
Оның үстіне шекарасы тынышсыз, саяси тұрақсыз Үндістан, Пәкістан 2022 жылы Иран, кеше ғана Беларуссияның мүшелікке қабылдануы әрбір бастаманың жүзеге асыру процесін тіптен күрделендірді.
Нәтижесінде ШЫҰ мемлекет басшыларының бас қосатын клубына айналды.
Ресей мен Қытайдың өзара саяси-экономикалық саласындағы бәсекелестігі ұйымның тиімділігін бәсеңдетіп жіберді.
Астана саммитін өткізген Қазақстан барынша мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысты.
Қытай басшысын аса құрметпен қарсы ала отырып, қытаймен тиімді экономикалық келісімдерге келіп, Ресейге бір қыр көрсетіп қалды.
Қазақстан Орталық Азияда өз ықпалын жүргізе алатын мемлекет екенін баяғыда дәлелдеген.
Елді жаулаған жемқорлық пен бюрократия болмаса Қазақстан даму жағынан 30 жыл алға кетер еді.
Соңғы екі-үш жылда Қазақстан ОДКБ, ТМД, ШЫҰ сында халықаралық ұйым басшылығына өз адамдарын тықпалауы да тегін емес.
Астана саммиті әлем алпауыттарының бірі Қытаймен саяси-экономикалық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтып алуға қолайлы болғанмен Еуропа елдерімен саяси байланыста селкеу түсірер тұстары баршылық.
Сондықтан да Қазақстан екі іргелес алпауыт елге және әлем елдеріне БҰҰ-ның барлық принциптерін сақтайтын мемлекет ретінде оның басшысы Гутеришті де шақыруы тегін емес екені белгілі.
Асылбек Байжұмаұлы
Саясаттанушы