Тәжікстан әскери бюджетін арттырды

37

Munarmedia.kz 14.01.2026 /Астана/ –2026 жылы Тәжікстан қорғаныс пен қауіпсіздік саласына бөлінетін шығындарды едәуір ұлғайтты. Елдің Қарулы күштерін, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарын ұстауға 5,9 млрд сомони қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млрд сомониге көп. Жалпы қорғаныс шығындары ішкі жалпы өнімнің шамамен 3,1 пайызына тең болады.

Бұдан бөлек, қорғаныс нысандарын, соттар мен прокуратура ғимараттарын салу және қайта жаңғыртуға 2 млрд сомони бағытталмақ. Арнайы қорлар арқылы тағы 430 млн сомони бөлінеді.

Жалпы алғанда, Тәжікстанның 2026 жылға арналған мемлекеттік шығыстары 66,9 млрд сомони көлемінде бағаланып отыр.