Munarmedia.kz | 11.10.2025 | Астана 2025 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы бүгін Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадоға табысталды. Ол бұл марапатты — елінде демократиялық құқықтар үшін жүргізген үздіксіз күресі және биліктің бейбіт жолмен ауысуына үлес қосқаны үшін иеленді.
Бірнеше жыл бойы авторитарлық жүйеге қарсы шыққан Мачадо елден кетуге мәжбүр болса да, Венесуэланы тастап кетпей, күресін жалғастырған. Оның табандылығы әлем қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды.
Ал осы арада Дональд Фредович Трамп бұл марапатты кемінде жеті жанжалдың «реттелуі» мен КХДР мен АҚШ арасындағы "достық көпірін" салуға тырысқаны үшін өзіне лайық көрген еді. Оның пікірінше, Таяу Шығыста «бітімгершілік орнатуға» да біраз күш салған. Әрине, бейбітшілік онша тұрақты болмаған шығар, бірақ талпыныс болды ғой!
The Telegraph басылымының жазуынша, Трамп Норвегия тауарларына баж салығын көтеруі мүмкін екенін де меңзеген — егер Нобель сыйлығын бермесе. «Құрметтемеудің» жазасы осындай болуы керек шығар…
Не де болса, кезекті рет жүлдесіз қалды. Бәлкім, келесі жылы сәті түсіп қалар. Әсіресе, егер Нобель комитеті санкциялардан шошып жатса…