Munarmedia.kz 29.11.2025 /Астана/ АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында жасаған жаңа мәлімдемесінде «үшінші әлем» деп атаған елдерден келетін миграцияны «мәңгіге тоқтатуға» уәде берді. Оның айтуынша, елге кіруге ниетті «миллиондаған» мигранттардың жолы кесіледі, қоғамдық тәртіпті «бұзатындар» азаматтықтан айырылуы мүмкін, ал «елге пайда әкелмейтіндер» деп танылғандар депортацияланады. Сондай-ақ ол азаматтығы жоқ адамдарға берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді жоюды қолдайтынын жеткізді.
Бұл мәлімдеме жуырда Вашингтонда болған қайғылы оқиғадан кейін жасалды. Афғанстан тумасы жасаған шабуылдан Ұлттық гвардияның 20 жастағы әскери қызметкері Сара Бекстром қаза тапқан еді. Оқиғаға байланысты АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди 29 жастағы күдімдіге өлім жазасын талап ететінін мәлімдеді.
Осы жағдайдан кейін АҚШ әкімшілігі миграциялық саясатты қатаңдата түсті. Атап айтқанда:
-
Ауғанстаннан келген өтініш берушілердің істері тоқтатылды;
-
Байден әкімшілігі кезінде АҚШ-қа көшірілген мигранттарға қатысты кең көлемді тексеріс басталды;
-
Олардың грин-карта алу өтініштері уақытша қаралмайтын болды.
USCIS басшысы Джозеф Эдлоудың айтуынша, Ауғанстан, Гаити, Сомали, Судан және тағы 15 елден келген азаматтардың барлық грин-карталары толық қайта тексеруден өтпек.