Павлодар облысында жүктілігі бойынша жәрдемақы алу үшін әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған схема әшкереленді

34

Munarmedia.kz 29.11.2025 /Астана/ Павлодар облысында мемлекеттік жәрдемақыларды заңсыз алуға бағытталған қылмыстық схема анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікке Зейнетақы төлемдері орталығының бөлім басшысы ілініп отыр. Тергеу нұсқасына сай, ол бухгалтер болып істейтін туысымен бірлесіп, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен жалақы ведомостарын рәсімдеген. Бұл ретте бухгалтер жеке кәсіпкерлердің ЭЦҚ-сын олардың рұқсатынсыз пайдаланған.

Тергеу деректеріне қарағанда:

  • 50-ден астам әйел жүктілік бойынша 6 млн теңгеге дейін заңсыз жоғары жәрдемақы алған;

  • Мемлекетке келген жалпы шығын 200 млн теңгеден асқан.

Сот шешімімен күдіктілердің үш автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін 2024–2025 жылдары осындай схемалардан мемлекетке келтірілген шығынның жалпы көлемі 1,2 млрд теңгеге жеткені хабарланған.