(Ымға түсінсе)
Сонымен Салдың елі, қара пышақ мойнына жақындағанда барып оянды. Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы деген. Осы күнге дейін қараша халық, қай-дан білсін «қара көмірдің» түстікке ғана жететіндігін.
Ол кетті...Пішту деп кетті. Қай жаққа дейсің ғой. Б-дан, А-ға ауысты. Тек креслосы ғана ауысты. Ал лауазымы қалды...
Керісінше бәрі,ым-жым, әй-шәй болмады бәрі жәй...
Аяқтың тоңғаны қиын екен. ХХІ ғасырда қыс басталмай жатып "бай-байға басты..." Аяқ тоңды. Табаннан сыз өтті.
Сыз өткенде алпыс екі тамырын солқылдап, ми талшығына суық бірақ жеткен ғой, елді дірдектетіп...
Біз мұндайды естімейміз, естиміз ғой, қашанға "ел жаманы", ел жындысы бола береміз?.. Оның үстіне Ол №1-ші аудан басшы болды. Шатыры мықты дейді ме, бірдеңе...
Талай журналистер барды алдына. Барса да мыңқ демейді, дегізбейді. Деп көрсін!? Қайынжұрт жақтан "папасы" папасының тағы бірдеңесі әлөулеп телефоныңызды дірілдетсін. Оның үстіне өзі дөңайбат көрсетеді «Диван батыр!..» деп. Маған дәл осылай жазған-ды, батырекең...
Күйеу бала күл тасы, Күйеу қайын-қайынжұртқа сүйеу. Жоқ, жо-қ қайынжұрт бұған сүйеу, сүйреп жүр. Қайтсын енді!? Бұл туралы да ел айтады. Елдің азулы аузына қақпақ бола алмайсың...
Салдың елі... Кеше шулады. Замәкімі бар, мәслихат ханшайымы бар, бер жақтағы «ортаңқол» қызметкерлері бар абыржулы... Көмір таусылды дейді. Қыстың басы жаңа басталды. Абай атамның тілімен айтқанда «Қараша Желтоқсанмен сол бір екі ай, қыстың басы бірі ерте, бір жай». Қараша жәй өтті. Шәй ішіп, түстеніп өтті. Ал енді арқада кәрі құдаң, күшке мінеді. Кетері №1-ші кетті. Енді бұл ауданға кім жауапты. Қысқасы Біржан атамыздың мына өлеңі мұндайда еске түседі екен;
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің
Айырылып сені, сәулем, кетед деген
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын !
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
"Көкек" деп бос жүргенше секең қағып.
Қосайын өле - өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел, ұшып барып,
-деп кеткен «қалқа» емес «қалқа балаға» -ға сәлем жолдап отырмыз. Оның тілі де «коммунистердің тілі» ғой, біздің тілімізді ұқпайды және қақпайды. Қақса да «е, диван батыр...» тағы жазды дейді де қояды. Б-дан А-ға ауысқанды айтам. Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті енді болды.
Қыс басталмай жатып, көмір таусылды деген не сөз? Әлде кетер қыз, керіліп кеткен шығар? Әйтеуір «кетем ғой...» деп. Бұны енді білмедік.
Бурабайдың Жеңісі