2025 жылдың 4 сәуірінде, Ресейдің Қорғаныс министрлігі соғыстың кезекті есебін жариялады. Онда:
-
Ресей әскері жоғары дәлдікпен соғатын зымырандар мен дрондарды қолданып, Украинадағы артиллерия базалары мен дрон өндіріс орындарына соққы жасағаны айтылған.
-
Сонымен қатар соңғы 24 сағат ішінде, Ресей армиясы Украинамен шекаралас Курск облысына жақын орналасқан Сумы облысындағы Басивка елді мекенін бақылауға алған.
-
Осы аралықта Украина әскері Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жеті рет шабуыл жасап, соның салдарынан бірнеше өңірде электр жабдықтары істен шыққан, ал кей жерлерде жарық сөніп қалған.
Сол күні Украина Қарулы Күштері Бас штабы да өз есебін жариялады:
-
Онда айтылғандай, соғыстың алдыңғы шебінде екі жақ 75 рет шайқасқан.
-
Сумы облысының бірнеше елді мекені Ресей артиллериясының соққысына ұшыраған.
-
Украина әскері Лиман және Покровск бағытында Ресейдің бірнеше шабуылына тойтарыс берген.