Үндістан премьері Әбу-Дабиге келді: негізгі назар – энергетикалық келіссөздерге аударылды

9


АСТАНА.18.05.2026.Munarmedia.kz – Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиге ресми сапармен келді. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетика саласындағы ынтымақтастық болатыны хабарланды.

Ресми мәлімдемеде жоғары деңгейдегі кездесулер барысында мұнай-газ, энергетикалық қауіпсіздік және аймақтағы логистикалық тұрақтылық мәселелері талқыланатыны айтылған.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі геосаяси жағдайда Үндістан Парсы шығанағындағы энергия ресурстарына қолжетімділікті сақтауға ерекше мән беріп отыр.

Бұл ретте Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы Иранмен соғыс жағдайындағы мемлекеттерден басқа барлық елдердің кемелері еркін өте алатынын мәлімдеді.

Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірі саналады. Сондықтан аймақтағы кез келген саяси немесе әскери шиеленіс халықаралық энергетикалық нарыққа тікелей әсер етуі мүмкін.

#Үндістан #Моди #ӘбуДаби #БАӘ #Энергетика #Иран #ОрмузБұғазы #Munarmedia