Үндістан қашықтан жұмыс істеуге және мұнайды үнемудеуге көшті

34

АСТАНА. 12.05.2026. Munarmedia.kz – Нарендра Моди Үндістан тұрғындарын жанармай тұтынуды азайтып, қоғамдық көлік пен қашықтан жұмыс істеу форматына көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Үндістан премьер-министрі халыққа арнаған үндеуінде ірі қалаларда метроны негізгі көлік құралы ретінде пайдаланудың маңызын атап өтті.

— Достар, біз бензин мен жанармай пайдалануды азайтуымыз қажет. Метро бар қалаларда мүмкіндігінше метроны қолдану туралы шешім қабылдауымыз керек. Өзім де барынша метро арқылы қатынауға тырысамын, — деді Нарендра Моди.

Сонымен қатар ол азаматтарды автокөлікті ортақ пайдалануға үндеді. Премьердің айтуынша, егер көлікпен жүру қажет болса, бірнеше адамның бірге қатынауы жанармай шығынын азайтуға көмектеседі.

— Егер автомобильмен жолға шығу қажет болса, басқа адамдарды да бірге алып жүруге тырысыңыздар, — деді Үндістан үкіметінің басшысы.

Нарендра Моди коронавирус пандемиясы кезінде қалыптасқан қашықтан жұмыс істеу тәжірибесін қайта жандандыру қажеттігін де айтты. Оның сөзінше, онлайн-конференциялар мен виртуалды кездесулер бүгінде де тиімді құрал болып қала береді.

— Пандемия кезінде біз бейнеконференция мен онлайн кездесулер жүйесін кеңінен дамыттық әрі соған бейімделдік. Қашықтан жұмыс, онлайн-конференциялар және виртуалды кездесулерге қайтадан басымдық беруіміз керек, — деді премьер-министр.