Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 34-орынға көтерілді

13
Алғашқы үштікте ешқандай өзгеріс болған жоқ. Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, америкалық Кори Гауфф екінші, белоруссиялық Арина Соболенко үшінші орында. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина төртінші сатыда қалса, кеше Бирмингемде чемпион атанған Юлия Путинцева 41-ден 34-ке көтерілді. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 53-сатыда тұр. Е.Рыбакина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде бірінші ракетка болып тіркелген. Ол екінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 105-орындағы ұлыбританиялық Харриет Дарттың жеңгенімен кездеседі. Ю.Путинцева Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 жарысының алғашқы айналымында әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Питон Стирнспен шеберлік байқасады. А.Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге осы доданың ширек финалына өтті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.