Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Премьер-лига: «Ордабасы» бірінші орынға көтерілді

10
Кездесу барысында елордалық команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Марин Беланчич 16-минутта есеп ашқан еді. Ойынның 46-минутында «Ордабасы» шабуылшысы Дембо Дарбо таразы басын теңестірді. Ал Режиналдо 47-минутта шымкенттік клубты алға шығарса, Еркебұлан Тұңғышбаев 81-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Аталған турдағы тағы бір кездесуде «Атырау» мен «Тобыл» 1:1 есебіне қанағат білдірді. Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Шахтер», «Тұран» мен «Елімай» кездесуі өтіп жатыр. Сондай-ақ 22 маусымда «Қайсар» сырт алаңда «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңсе, «Астана» «Қызылжардан» 1:0 есебімен басым түсті.