Munarmedia.kz-24.11.2026ж/Астана/-2026 жылдың басынан бері Қазақстанда пайдаланылмай жатқан 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жалпы ел бойынша 13,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайта бөлінген. Оның 5,5 млн гектары тұрғындарға мал жаю үшін берілсе, тағы 8 млн гектар жер фермерлердің шаруашылық жүргізуіне ұсынылған.

2027 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлері электронды конкурс арқылы үлестіріледі. Бұл жер бөлу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

#Қазақстан #ЖерМәселесі #АуылШаруашылығы #Фермер #ЖерРеформасы