Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

30
«Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», - Тимур Жаналин. Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген. «Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», - делінген хабарламада. Президент сарбаздың комаға түсуіне қатысты мән-жайды зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонында ауруханада жатқан сарбаздың жағдайына орай ресми мәлімдеме жасады.