Сонымен екі сағаттан артық сұхбаттастық.
Ол кісі сонау Алатаудың іргесіндегі Алматыдан.
Мен қарт Көкшетау һәм Бурабайдан.
Менде кезекті демалысым еді.
Үйде жатқам. Кітап оқып. Санамдағы сан түрлі сұрақтың жауабын енді тапқандай, дамылдағандай, өз-өзіммен қиял әлеміне сүңгіп рақаттанып бойым жеңілдеп қалғандай әсерде болатынмын.
Фейсбук таныстырды ағам екеумізді. Бір әңгімесін оқып ұнатып қалдым. Жалпы, мен кітап оқығанда мазмұндама жазып отырып оқимын. Соңғы жеті жылдан бергі ғадетім.
Заман ағаның жекесіне жазып, телефон нөмерімізді алмастық.
-Не жазып жүрсіз? деді.
-Түк жазып жүргем жоқ, аға...Ойланып отырмын дедім.
-Дұрыс болған екен. Жазу оңай емес айналайын, өмір жайлы жаз, көктем жайлы жаз, тақырып көп қой, сенің жазғандарыңды оқып шықтым, біраз дүниеңіз сәтті шыққан, енді біразы тақа көңілімнен шыға қоймады, сын айтылуы керек, маған сын айтса, өз басым қуанам, демек...иә, демек менің әңгімемді оқыған деген ойда болам, жақсы қабылдаймын,-деп күлді.
Менде рақаттанып күлдім.
Дұрыс айтасыз аға, сын айтылмай, мін түзелмейді. Құп алдым сын ескертеңізді деп екеуміз екі жақта, екі облыста рақаттанып күлісіп алдық.
Арамыз қаншама шақырым жер. Алты айлық алыс жерден, жылдам хабар алғызған ХХІ ғасырдың жетістігіне ағекем де, менде телефон арқылы сөйлесіп отырып риза болдық.
Хош айтыстық...
Аға -іні болдық.
Ұлы сөз бізді туысқан етті. Фейсбуктегі достық сырлас аға, сыйлас іні қылды.
Артынан көп өтпеді,
Араға ай салды, әлде қос апта... Телефонына қоңырау шалдым. Телефонды ешкім көтермеді.
Кенет:
"Ол кісі дүние салды..." деген смс-хат келді.
Қалай, өткенде ғана еді ғой екеуміз сымсыз телефонның ар жағында әдебиет әлемі жайлы тілдескеніміз, мүмкін емес әлде... Біреу ойнап тұр ма деп ойланып қалдым.
Қайта хабарластым. Жоқ, рас...Дүние салыпты. Апыр-ай, өлім мен өмір арасы қарыс адым деген осы екен ғой.
Арман ұзақ,ғұмыр келте.
Жүрегім бір түрлі болды.
Сырлас ағам еді,
Мұңдас еді,
Жақсы аға еді, бір-бірімізді сонау алыстан сымсыз телефон арқылы байланыстырып қойған уақыт еді.
Байланыс үзілді ме осымен, тым құрмаса ағамды соңғы сапарға да шығарып сала алмадым.
Қу тіршілік,
жетпей жатқан дүние!
Енді шығармашылық жайлы ой бөлісеміз деген де құйрықты жұлдыздай ақты да кете барды.
-Жақсы деп, жеңгейге көңіл айттым, қысқа ғана.
Суық хабар!
Көңілім отқа оранғандай енжар күйде күрсіндім "құдайға да жақсы керек..." деп рухына аят оқыдым.
Кейде жазушының жаны жаралы болып отырады. Барлығы үйдегі тыныс-тіршілігіне ғана байланысты емес, сырттағы құбылысқа да байланысты.
Қоғамның кем тұсын жазушының қырағы көзі көреді.
Тез байқайды. Ол бірден жазуға отырады. Соны түзеткісі келеді. Бірақ ел оны түсінсе.
Ал сен жазушы болсаң, Құдай қосқан қосағыңыз, сіздің түсінбесе Құдай ұрды дей беріңіз.
Бұл менің емес, жарықтық Бауыржан атамның берген жазушыларға ақыл -кеңесі екен. Солай айтыпты да, жазып кетіпті.
Лев Толстой әйелінен қашып жеркепеде жазу жазған екен, ал біздің жазушылардың ішінде сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың жары Ғабең шығармашылықпен айналысып отырғанда, ас-суын кабинетіне апарып беріп баптап күтіпті.
Сәбең һәм Сәбит Мұқановты да апамыз айрықша күтімге алып, жағдайына ерекше көңіл бөлген дейді. Солай ел айтады, жазады.
Иә, сол алыптардан кейін Заман ағамыздың өзі өмір көшімен кетсе дағы шығармашылығын елге насихаттап жүрген, мен білетін аяулы жеңгеміз бірі Гүлмира жеңгем, сол классиктардың жұбайларының ізін жалғастырып жүр.
Заман Төлеуовтың жары. Жазушының жан сырын ұғып, ол кісіге шығармашылық жағынан демеп, жан әлемін ерекше түсінген жанға қалай бас имейсің?..
Заман аға, дүниеден өтсе де, әлі ағекемнің жоқ екендігін білдірмей, қаламгер ағамның туған ауылына барып шығармашылығын насихаттап елге жариялап түрлі іс-шаралар өткізіп жүр.
Жоқтаушысы бар екендігін көрсетіп жүр.
Құдай-ау, мұндай жандар аз. Әсіресе, қолына қалам алып, бірде жаз, бірде күз, бірде қыс болып, қиялдан мүсін орнатып отырған жанға мейірімді жүзбен қарап, уақытыңда ас-суын дайындап ортақ мұраттарын ортаға сап, ой бөлісіп отырғанға не жетсін!?
Заман ағаның жан әлемін бір адамдай түсініп, ол кісінің шығармашылық жолында дамуына зор үлес қосқан жанның еңбегі өтеусіз. Қазақ әдебиеті үшін.
"Әйел бұзылды" ер азаматын сыйламайды деп жатамыз, қоғамда сондай түсінік қалыптасқан.
Жоқ тоқтай тұр!?
Бар ішінде алтын асықтай азаматын, күміс қасықпен ас беріп баптап отырғандар.
Заман аға, аз жазды, бірақ ұлы сөз құдіретін түсініп дәмді жазды, әсерлі де, әдемі жазды.
Соңғы уақытта тіпті қаламы жорғадай тайпалады, қоғам жайлы, өмір жайлы философиялық тұжырымдарын ортаға салды, елге жеткізді, оқырманы көбейді.
Шетелдік түрлі дәрістерді тыңдап, қалай да ұлы әдебиетімізге ерекше қолтаңба қалдырам деп, бойындағы күшті де, қайратты да аямады.
Әлде сағатының аяқталар сәтін білді ме екен?..
Әйтеуір қолынан қаламы түспепті. Өрнектеп ой сорабына түсіп, тірнектеп ғажап ойларды қағаз бетіне түсіріпті.
Кітаптары жарық көрді.
Оқырмандары Заман ағаны іздеп кітаптарын сұрап жататын, сұранысы артқан.
ХХІ ғасырда кітап оқитын адам аз дейді біреулер.
Бос сөз, оқиды ел,
жақсы жазушыны неге ел оқымасқа?
"Бәленше классик" дейді. Ол бәленшенің жазған дүниесін қарап шықшы, пәлендей дым жоқ. Әйтеуірі атам замандағы қалған атағы бар.
Сол атақ шалқытып жүрген. Кейбір қаламгерлер уақыт үндестігін таба алмайды.
Сосын оқырман көңілін әсте ұтпайды.
Руханиятқа бәрі немқұрайлы қарап жатса, қадірі кетпеген де қайтсын!?
Заман аға, шетелдік басылымдарды оқып, әдебиет саласындағы майталмандардың лекцияларын тыңдап, қазақ әдебиетіне ерекше стиль қалыптастырып келе жатқан.
Амал не, ажал алып ұрды.
Қайран менің ақ жүректі асыл жеңгем Гүлмира, жан жары дүниеден өтсе де күні бүгінге дейін орның жоқтатпай елге Заман ағекемнің шығармаларын үздіксіз насихаттап жүр.
Міне адал жардың, адал жанның шынайы таза болмысы.
Адал жарың, Алланың сыйлығы һәм бағың мен бақытын деген.
Мықты жазушы болғыңыз келсе, алдымен сенің әлемінді түсінетін әйелің мықты болсын!
Әйтпесе сен жүз жерден, елден асқан жүйрік болсаң да, әрі кетсе бір қылтада қалуыңыз мүмкін.
Айтпақшы Заман ағамыздың туындыларын жастар оқиды екен. Демек жарықтық жазушы ағекем жастар оқитын тұшымды дүниелерді жаза білгені ғой. Әлі ұлы дәуір көшінде Заман ағамның ұлы туындылары қолдан -қолға өтіп жылдан жылға жаңара бермек.
Демек мұндай ұлы мұратқа жетуіне Гүлмира жеңгемнің де еңбегі зор деп білем.
Суретте Заман аға мен Гүлмира жеңгем
Бурабайдың Жеңісі