Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Зеленский: "Путиннің соғысын қаржыландыруға көмектескеннің бәрі күйреуі тиіс!"

26


Украина президенті Владимир Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен түнде Ресей армиясының Донецк облысындағы Добропілля қаласының орталығына екі баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын хабарлады.

"Біздің төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шабуыл жасалған жерге жеткеннен кейін, Ресей екінші соққысын жасап, құтқарушыларды әдейі нысанаға алды. Бұл – Ресей әскерінің жиі қолданатын арсыз әрі адамгершілікке жат террорлық тактикасы.

Өкінішке қарай, қазіргі мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті.

Марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Жарақат алғандар саны 30-дан асты, оның ішінде бес бала бар. Сондай-ақ, бес қабатты сегіз тұрғын үй, әкімшілік ғимарат және өрт сөндіру көлігі қатты зақымданды.

Бұл оқиға Ресейдің өз мақсатынан бас тартпағанын көрсетеді. Сондықтан бейбіт тұрғындардың өмірін қорғау, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін нығайту және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту үшін бар күшімізді салу аса маңызды. Путиннің соғысын қаржыландыруға көмектескеннің бәрі күйреуі тиіс!" – деп мәлімдеді Зеленский.