Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» мен «Hill Corporation» бәсекелестікке қарсы сөз байласу фактісі анықталды

41


Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ — Жүк тасымалы» мен «Hill Corporation» арасында әділетсіз бәсекелестікке жол берілгенін анықтады.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл екі компания локомотивтерге арналған мотор майын сатып алу барысында басқа жеткізушілердің қатысуын шектеп, «Hill Corporation» үшін артықшылықты жағдай жасаған. Бұл келісімнің жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асып түскен.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде агенттік бұл әрекетті монополияға қарсы заңнаманы бұзу деп таныды. Компаниялар бұл шешімге қарсы шығып, оны заңсыз деп тануға тырысқанымен, Қазақстанның Жоғарғы соты төменгі соттардың шешімін заңды деп тауып, тергеу қорытындыларын негізді деп растады.

Forbes.kz деректеріне сүйенсек, «Hill Corporation» компаниясының иесі — бұрынғы сенатор және бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың інісі Дулат Қожамжаров.

Бұған дейін Nege.Aqsha Telegram арнасы Дулат Қожамжаровтың активтерді қайтару жөніндегі арнайы тізімге енгізілгенін хабарлаған. Сондай-ақ, PRO КАДРЫ KZ арнасының мәліметінше, жуырда Қожамжаровтар отбасының Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңындағы үш жер телімі тәркіленген. Бұл жерлерді «Hill Invest» компаниясы 2012 жылы Жер кодексін бұза отырып иеленген.