Қазақстанда НДС мөлшерлемесі 16%-ды құрап, оны төлеу межесі 40 млн теңге болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары

Серік Жұманғарин мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, бұл шешім билік пен бизнестің арасындағы күрделі келіссөздер нәтижесінде қабылданған.
«Біз ортақ келісімге келдік. Енді НДС ставкасы 16 пайыз болады. Оның шегі ретінде
Бұл көрсеткіш – екі жақтың да ұсыныстарын ескергендегі, ұзақ талқылаудың нәтижесінде қол жеткізген ортақ шешіміміз. Дегенмен, осының салдарынан бюджет 160 мың жаңа салық төлеушісінен айырылып, шамамен 400 миллиард теңге қосымша кірістен қағылады», – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер бюджеттің айтарлықтай шығынға бататынына қарамастан, билік бұл шешімді бизнестің тынысын ашу мақсатында саналы түрде қабылдағанын атап өтті.
"Үй жанындағы" дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер НДС төлемейді. Оларға қорқудың қажеті жоқ", - дейді вице-премьер.
Жаңа ережеге сәйкес, бұрын салық заңнамасын бұзғандар немесе атына тіркелген белсенді емес жеке кәсіпкерлігі бар азаматтарға алдағы уақытта ИП ашу қиындай түседі.
«Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібін күшейтеміз. Бұған қатысты тиісті заңнамалық нормалар дайындалды. Салықтық заң бұзушылық жасағандар немесе бұрыннан ашылған, алайда жұмыс істемейтін ИП-лары бар адамдар үшін жаңа ИП тіркеу едәуір күрделі рәсімге айналады», – деп түйіндеді Үкімет басшысының орынбасары.
Әшкеренің анықтамасы: Қазір НДС мөлшерлемесі 12 пайыз, енді ол 16 пайызға көтерілмек.
Бұл не деген сөз? Мәселен, бұрын кәсіпкер сататын тауардың немесе көрсететін қызметтің бағасына үстінен 12 пайыз НДС қосатын болса, енді дәл сол тауарға 16 пайыз қосуға міндетті. Бұл тауарлар мен қызметтердің бағасын белгілі бір деңгейде өсіруі мүмкін.
НДС шегі (салықты төлеуге міндетті болатын кірістің төменгі межесі) бұрынғыдай 20 000 АЕК (шамамен 69 млн теңге) емес, 40 млн теңгеге дейін төмендетілді.