Жетісу облысындағы Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде алған жарақатынан қайтыс болды.
Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.
“Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі” деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Әскерден тағы да қаралы хабар. Жаркентте офицер қаза тапты

Читайте также

Қазақстанда риелторлардың негізсіз комиссия талап етуіне шектеу қойылмақ
🕒 17.11.2026 23:07 · 👁 14
ҚазҰУ-де тағы бір қайғылы оқиға: бірінші курс студенті қаза тапты
🕒 17.11.2026 23:04 · 👁 7
Қостанай облысында бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен екі мектеп оқушысы тексеріліп жатыр
🕒 17.11.2026 23:02 · 👁 8
