Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов картадан басқа картаға ақша аударғаны үшін ұсталынатын 150 теңге комиссия ақысына қатысты пікір білдірді.
Сондай-ақ жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін де атап өтті.
“Бұл – Экономика министрлігінің төлем операцияларын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карточаларды пайдалану, карточадан карточкаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банктік қызметтер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдейді, бірақ ашығын айтсақ – бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артатын болады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес”, деді Аймағамбетов.
Банктер өз шығындарын үнемі клиенттің мойнына артып келеді – Аймағамбетов

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына енді
🕒 16.11.2026 14:00 · 👁 76
16 жастағы оқушы әскери қызметке қабылдау үдерісін цифрландыруға арналған Jauynger платформасын әзірледі
🕒 06.11.2026 17:49 · 👁 105
Рим папасы XIV Левтің өкпесіндегі түйінді алып тастау үшін ота жасалады
🕒 12.10.2026 17:41 · 👁 117
