Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлігінің дөңгелегіне қысқы шина "кигізбеген" темір тұлпар иелері жауапқа тартылады.
Күнтізбелік қыстың басталуымен барлық көлік иелері көліктерінің «аяқ киімін ауыстыруы» керек. Әйтпесе, жүргізушілер айыппұл арқалайды.
«Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады, бірінші желтоқсаннан кейін автокөліктің барлық дөңгелектері ауыстырылмаса көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК қарастырылған», деп хабарлады Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.
Бүгіннен бастап жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Читайте также

Қазақстанда риелторлардың негізсіз комиссия талап етуіне шектеу қойылмақ
🕒 17.11.2026 23:07 · 👁 14
ҚазҰУ-де тағы бір қайғылы оқиға: бірінші курс студенті қаза тапты
🕒 17.11.2026 23:04 · 👁 7
Қостанай облысында бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен екі мектеп оқушысы тексеріліп жатыр
🕒 17.11.2026 23:02 · 👁 8
