Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазды. «Азаттық» радиосына адвокат Жанболат Құлжанов хабарлаған.
«Сот Бауыржан Балташев пен Уәлихан Негметовке әрқайсысына 51 мың теңгеден айыппұл салды. Олар айыппен келіскен жоқ. Шешімді апелляцияға береміз», — деген адвокат.
Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген күні Көкшетауда үш белсенді наразылық білдірген.
Белсенділер балағат сөз жазылған плакат ұстап шыққан. Белсенді Марат Жанұзақовтың соты бейсенбі күні өтед





