Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA   Қазақстанда автомобиль жолдарының жағдайын диагностикалау үшін Жапонияның Mobile Mapping System технологиясын қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Осы мақсатта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жапониялық Aero Toyota Corporation компаниясымен меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында мамандар жолдарды мобильді картографиялау технологиясының мүмкіндіктерін зерттеп, оны Қазақстанда енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Mobile Mapping System жүйесі жол инфрақұрылымы туралы деректерді қозғалыс барысында жинауға және жолдардың жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолдану жолдағы ақауларды анықтау мен жөндеу жұмыстарын жоспарлаудың тиімділігін арттыруы мүмкін.

Тараптар жол құрылысы, жөндеу және инфрақұрылым сапасын бақылау салаларында тәжірибе алмасуды да көздеп отыр.

#Қазақстан #ЖолСапасы #Жапония #ЦифрлықТехнология #Инфрақұрылым #Munarmedia