Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасы әлем бойынша ең төменгі орында деп, Энергетика министрлігі бензин бағасын реттеуге негізделген бұйрықтың күшін жоюды жоспарлап отыр.

Энергетика министрлігі енді жанар-жағармайға баға белгілеудің тұрақты моделі саясатын жүзеге асырады.

Бұл саясат сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құрып, отын тапшылығын жоюға көмектесетін көрінеді. Сондай-ақ мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандырып, ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға септігін тигізбек. 

Өз кезегінде министрлік отынның ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге  уәде берді.