Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2025 жылы тек 3,5% қандас мемлекеттік көмек алды

50



Жыл басынан бері 2 185 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Негізгі көшіп келушілер Қытайдан (46,4%) және Өзбекстаннан (41%), сондай-ақ Түрікменстан, Ресей және Моңғолиядан келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елге қоныс аударған этникалық қазақтардың саны 1,15 миллионнан асты.

1 наурыздағы дерек бойынша:

  • 60,8% – еңбекке қабілетті жаста,

  • 30,8% – балалар,

  • 8,4% – зейнеткерлер.

Білім деңгейі әртүрлі:

  • 16,8% – жоғары білімді,

  • 30,7% – орта арнаулы білімі бар,

  • 50,8% – жалпы орта білімді,

  • 1,7% – білімі жоқ.

Қандастар қай өңірлерге орналастырылады?

Министрлік қандастарды еңбек күші жетіспейтін аймақтарға орналастыруды көздеп отыр. Олар:

  • Батыс Қазақстан облысы,

  • Шығыс Қазақстан облысы,

  • Солтүстік Қазақстан облысы,

  • Ақмола облысы,

  • Абай облысы,

  • Қостанай облысы,

  • Павлодар облысы,

  • Атырау облысы.

Мемлекеттік қолдау қандай?

Қоныс аударған қандастарға қаржылай көмек қарастырылған:

  • Еңбек күші тапшы өңірлерге көшкендерге – әр отбасы мүшесіне 275,2 мың теңге (70 АЕК) бір реттік жәрдемақы беріледі.

  • Бір жыл бойы тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтергеайына 59-118 мың теңге субсидия бөлінеді.

Алайда, жыл басынан бері бұл көмекті небәрі 84 қандас алды, олардың 56-сы жұмысқа орналасты. Бұл 2025 жылы елге оралған қандастардың бар-жоғы 3,6%-ын құрайды.

Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Ол тұрғын үй құнының 50%-ына дейін немесе 4,56 млн теңгеге дейін шығынды өтейді.

Қандастарды орналастыру мәселесі жыл басында көтерілген еді. Көпшілігі Павлодар облысына жіберіледі.