Үкіметтің орта
және шағын бизнесті тұншықтырып НДС 20%-ға көтереміз деген ұсынысына мен
қарсымын!
Бұл біріншіден, орта және шағын бизнесті
толығымен тұншықтырады.
Екіншіден, азық-түлік,
дәрі-дәрмек т.б халықтың тұрмыс тіршілігіне пайдаланатын заттарға бағаның
бақылаусыз өсуіне әкеледі.
Үшіншіден,
жалақысы аз, жұмыссыз, онсызда несиеден шаршап, жүйкесі жұқарып жүрген халық үшін ауыр тиеді.
Тіпті әлеуметтік дағдарысқа немесе халықтық
төңкеріске әкеледі.
Төртіншіден, шағын
және орта бизнес тоқырап, көлеңкелі экономикаға көшеді. Яғни заңсыз сауда
айналымы дамып кетеді. Нәтижесінде мемлекеттік бақылаудан шығады.
Үкіметтің бюджет
тапшылығын халвқты және орта, шағын бизнесті қанау арқылы толтырам деуі үлкен
қателік.
Президент
сондықтан да мақұлдамай әлі де ойлану керектігін, ақылдасу қажеттігін айтты.
Мәжілістегі
депутаттарда бұл мәселені талқыларда білгірлік пен білімділік танытады деген
үміттемін.
Экономикалық
саясатты жүргізетін, халықаралық сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікіріне
құлақ асу керек.
Халық алтын
сандықтың үстінде емес астында езіліп
жатқанын ескерсе екен деймін.
Мәселенің шешімі бойынша нақты ұсыныстарым: ҚҚС-ты (НДС) 20%-ға көтеру шағын және орта бизнеске ауыр салмақ түсіруі мүмкін, бұл экономикалық белсенділікті төмендетіп, көлеңкелі экономиканың үлесін арттыруы ықтимал. Сондықтан бюджетті толтырудың басқа балама жолдарын қарастыру қажет.
1. Экономиканы әртараптандыру және салық
базасын кеңейту
Өңдеу өнеркәсібін дамыту
арқылы қосылған құн салығынан түсетін табысты арттыру;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын ынталандыру;
IT-индустриясын және экспортқа бағытталған өндірісті қолдау.
2. Көлеңкелі экономиканы ашыққа шығару
Электрондық төлемдерді ынталандыру және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
үлесін арттыру;
Шағын бизнесті салықтық рақымшылыққа тартып, заңдастыруға мүмкіндік беру:
Бақылау-кассалық машиналарды кеңінен енгізу және онлайн мониторингті
күшейту.
3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы
реформалар
Кен өндіруші
компанияларға арналған салықтық жеңілдіктерді қайта қарау;
Сирек кездесетін металдар мен пайдалы қазбаларды қайта өңдеуге инвестиция
тарту.
4. Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру
Үкіметтік емес
ұйымдарға бөлінетін қаржыны тиімді бақылау;
Қымбат имидждік жобалар мен артық әкімшілік шығындарды қысқарту;
Цифрландыруды күшейту арқылы бюрократиялық шығындарды азайту.
5. Шетелдік инвестицияларды тарту
Инвесторларға
қолайлы салықтық және құқықтық жағдай жасау;
Экспорттық әлеуеті
жоғары салаларға шетелдік технологияларды тарту;
Жекешелендіру бағдарламасын ашық әрі тиімді жүргізу;
6. Байларға салынатын салықты арттыру
Жеке табыс
салығының прогрессивті шкаласын енгізу (кірісі жоғары азаматтар үшін салық
мөлшерлемесін өсіру);
Люкс жылжымайтын мүлік пен көліктерге қосымша салық салу.
7. Туризм мен логистиканы дамыту
Визалық жеңілдіктер арқылы халықаралық
туризмді дамыту;
Транзиттік жүк тасымалын арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту.
Осы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізсе ғана мемлекеттік бюджет толығып
отыратын болады.
Өкінішке орай, мыңдаған километр жолдарды салып, оны қайта жөндей бергенше
«Қазақстан темір жолы» АҚ реформа жүргізіп Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Иран,
Қазақстанмен Түркияны байланстарын тауарлық логистикалық теміржол құрылыстарын
салу керек.
Ол шынымен жүздеген жыл бойы мемлекеттік иглігіне жұмыс жасайтын болады. Ең дұрысы қазіргі Парлмент Үкіметке сенімсіздік білдіруі керек.