Құрғақ қақ, қу шөлейт және
кенсіз мекиен, баялышты батпақты далаға су жаңа кент салған Жөйіттер – бүгінгі
Израиль. Израиль – қазіргі
еврейлердің Отаны һәм мемлекеттің аты. Сойы мен тегі Жақыптың
12 әулетінен тарайтын Яһуди дінділері
осында тұрады. Осы елді басқарған 92
жасар экс президенті Шимон Перес-тің (Shimon Peres 1923-2016) Украинадағы геосаяси
маңызға ие Ялта Еуропа Стратегиясы конференциясы (Уalta Еuropean strategy)
кезінде сөйлеген сөзі өте-мөте өзекті. Өлерінен бір жыл бұрынғы өсиеті осы дерлік...
Жалпы жас таланттар жағы шұқшия оқуы керек бітұтас тағылым болмақ. Дін
тауыриһатында Мұса, Дәуіт, Сүлеймен және
Иса Пайғамбарлар еврейлерден тарайды. Құран кәрімде Мұса Пайғамбарға – Тәурат,
Дәуіт Пайғамбарға – Забур, Иса Пайғамбарға – Інжілдің түскені аяндалады.
Сонымен
Шимон Перес-тің (Shimon Peres) өсиет сөзі нендей?!
Хош!
Біз өзімізге тиеселі жеріміздің болуын армандаушы едік. Алайда бізге тиген
аумақ – қиялымызға сиымсыз қиянды жұтаң аймақ болды. Әрине мұндағы қоңсыластар
бізді тым жақсы қарсы ала алмады. Таяу Шығыс аумағының мыңның біріне ғана тең
масалы саз, ми батпақты алақандай алқап. Біз құжынаған маса мен құм қиыршық
тастың қайбіреуін таңдауға мәжбүр едік. Бұл жерде су дегенде бары – екі көл ғана. Бірі – ажал көлі,
екіншісі – құрып қалған ада қақ. Атақты арналы
дариясы болғанымен уақыты келе ол да біржолата құрып жоғалған.
Расында бұл жерде ауыз суы атымен жоқ, су аяғы құрдым.Табиғи байлық атауылыдан
да мақұрым.
Мұнай деген құдайы берген өнімнің иісі де жоқ. Сол кезде Таяу Шығыста
мұнайға тапшы шығаннан шыққан екі екі ел
туралы көп айтылатын-ды. Біз деген
солардың бірі – шығаннан шыққан ел едік. Себебі бізде түк те болған жоқ. Біз
жалғызсырадық та.
Діндес, тілдес аға-бауыр, қарындас та тарихи көрші-қолаң да
болмаған.Бұл Холокост (өртеу) кезеңінен кейінгі оқиға деп түсінуге болады.Ол
жерге барғанда не істеуге болатынын да болжау қиын еді. Расында беймәлім
тірлік. Кейбіреулер осылардан қалайша белсенділікпен өмір сүргеніміз жайлы
сұрайды. Бұл өте қарапайым ұғым. Санаңдағы бар өткендерің мен армандарыңды
салғастырып бажайла. Арманың сәл астамдау болса – сіздің әзірше тым
шалдықпағаныңыздың көрінісі.
Біз осылайша ғаламдағы ең баға жетпес байлық – адам деп көрдік. Жерді адам
ғана өз игілікке игерімесе, байлыққа жаратпаса – жер халықты байыта алмайды.
Түгелдей ғылымға жүгіндік. Израильдің фермелері жалпы жұртпен қатар шөлейт
жердегі қыршаруашылығын қалай көгертудің жолын іздеді. Сол жолда біз өркенге
жеттік. Бұл өте күдір технология hi tech-ке (Хай-тек (англ.
high technology, high tech, hi-tech) негізделген қыршаруашылығы
еді. Сол кезде мен де Қыршаруашылығы ЖОО-ында оқитын білімгермін. Ағашты ыстық
сумен суғарып өсіруді тәжірибеден өткіген шағымыз.Ең кереметі хай тек-ке (hi tech) негізделген
қыршаруашылығы өнім бере бастады. Бізде бүгінгі жағдайға сай жеткілікті су қоры
мол. Суды іздеп жүріп табады. Біз болсақ оны өңдеуді үйрендік. Табысқа да тез
үлгердік.
Сіздерге шынайы
құпияны айтсам: тапқаның емес, пайда болғызған және өндірген игілігің келешек
өміріңе өте маңызды. Бізде күш те қару-жарақ та болмады. Тіптен майдан мен
соғысуға мүлдем қауқарсыз едік. Бар-жоғы бір де генералсыз 450 мың сарбаз ғана
көңілге медеу. БҰҰ соғыстың соңғы өртінің арасынан Израиль деген елді құру
шешімін берді.Осы кезде біз екі түрлі істі бастадық. Біріншіде – азаматтары ер
жүрек,ақылды болуы шарт. Бұлар бір рет жеңілсе жеріне жетеді,басқа таңдау
қалмайды дегенді түсіну. Екіншіде – бізде сайман, қару-жарақ жоқ болғандықтан
оны өндіру керек. Ұлттық ұланды өрендету үшін ақпарат ІТ (ағылш. information technology, қысқ. IT) саласын дамыту
қажеттілігі туындады. Израильдің ақпарат саласы ІТ саласы нығайып армияға ықпал ете
бастады.Оған себеп: біз жан-жақтан келетін жаугершіліктің тең ортасында
қалғанбыз.
Бұны
айтуымыздың себебі: жас қыз жігіттер сіздердің ойлаған ойларыңыздан да нәзік
мүмкіндік бар дегенді меңзеу болмақ. Жан тынышын ойлап жалқауланба. Жерден таба
алмайтын табыс көзі тек өз бойыңыздан табылады деген сөз. Сізге пешенеңізге
берілмеген мүмкіндіктерді жасайтын қасиет те өзіңізде бар.Бұл жалпыға ортақ
сабақ.
Украина –
ауылшаруашылығы жағынан қисапсыз маңызға ие мемлекет. Ақиқатын айтар болмақ
нақты игілікті істерді тындыра алатын
қыршаруашылығынан бас тарту емес оны жетілдіру, жаңарту, байырғы жұрттың
дәстүрлі ұлағатты істерін қолдап, өзіңде бар ресурстармен ұштастыру ләзім. Әр
адамда өзіндік бір ішкі қор ресурсі болады. Өкінішке орай оны қолдануға аздап
қырсызбыз.
Қандай да бір
табысқа жетудің алғышарты – жойдақсыз жалықпай еңбектену. Көктен салбырап түсетін
бір де бір нәрсе игілік болмайды. Израильда жөйт жұрты бұрыннан өте еңбеккер,
бейнетқор келеді. Оны бұрыс дей алмаймын. Кезекті демалыс деген босқа өткізген
уақыт есебіне тең. Мен осы күні 90 жас
жасасам да өмірімде бір де рет демалыс пен тынығуды қолданып көрмеппін. Мені
тыным таппайтын есалаң дегендер де болды. Ал, пессимист (pessimus) болудың мүлде керегі жоқ. Демек мен барлық тынығу мен демалыстың
ләззатын тек жұмыстан ғана табамын. Уақыт өзгерген бүгінге де қатысы бар ұғым
бұл.
Ғылымды соңынан
қууға асық. Ғылымда шет, шеп, шекара, аралық, айырама, санадан тыс рефлекс
долбар деген болмайды.
Өткен істі
шешуге әрекеттеніп жағаласпаңыз. Оның
шешімі бар, жоғы менің есімде қалмапты.Өткен шақ ешбір нәтижесіз, міндеті де
жоқ бос әуре.Бұрынғы ағаттықтардан сабақ алу үшін ғана оны зерттеуге болады.
Өткен шақта – болашақ, сенім мен серттің бірі де болмайды. Оған көптеген
кісілер естелік ретінде қызықтағаны болмаса тереңдеп танысуға қырсыз келеді.Бұл
үлкен қателік. Нені еске ғибраттап, алуы керек?
Тарихқа да
сенуге болмайды.Тарихшылар биліктегі нояндарға жағымды жағын ғана айтып бере
алатын даяшылар секілді. Адамдар бір нәрседен березеп болып, үрейлі жүреді...
Бұның арғы жағы құдайға ғана мәлім. Өткен шағыңызда ең көп жіберген
қателіктеріңіз не деп мен жұрт көп сұрайды. Біз өзімізді ең ұлы армандардың өз егесіндей
сезінген едік. Алайда тіпті де ұлы арманды жете жарата алмағанымызды енді
түсіндік деймін. Армандарың зау биікте
болсын. Алайда арманыңды қалай ұлғайта
білсең, – солай ұшан-теңіз табыстарға жетесің!
Сіздің жас дәурен – ғажайып! Бірақ, олардың саясаткерлерді жек көретіні менің
ашу-ызамды келтіреді. Олар, саясат лас һәм жемқорлықтың ұясы дейді. Ендеше мен айтайын: егер сен өзің хаһ
адалдықты, таза саясаткерді өмірден күтетін болсаң – өзің кел де таза саясатыңды
жаса. Бұдан өзге жол жоқ. Менің де басымнан өткен шағымнан алған
сабағым осы..
Кейбіреулер менен осылардан ықпай қалайша белсенділікпен өмір сүргеніміз жайлы
сұрайды. Бұл әрине өте қарапайым ұғым. Санаңдағы бар өткендерің мен
армандарыңды салғастырып бажайла. Арманың сәл астамдау болса – сіздің әзірше
тым шалдықпағаныңыздың көрінісі. Егер естелігіңіздің өлшемі шамалы көбірек
болса – сіздің баршын тартып барынша
қартайғаныңыздың белгісі.