Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды

orda.kz
65


Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) қарсы монополияға қарсы қызмет тергеу жүргізуде. Даулы кәсіпорын мұнайды өңдеу бағасын негізсіз көтерді деп айыпталуда.

Бағаның жасанды түрде өсуі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (АЗРК) мәліметінше, өңірлік департамент мұнай өңдеу нарығындағы баға мен өндіріс көлемінің өзгеру динамикасын талдаған. Нәтижесінде, АМӨЗ екі жыл бойы мұнай жеткізушілер үшін негізсіз жоғары тариф белгілегені анықталған.

«Департамент зауыттың нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланғанын анықтады. АМӨЗ мұнайды өңдеу бағасын монополиялық деңгейде ұстап тұрып, 2021–2023 жылдар аралығында орташа бағаны 31%-ға өсірген», — деп хабарлады АЗРК.

Тергеу басталды

Талдау нәтижелері бойынша АМӨЗ-ге қатысты тергеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Агенттік кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, нарық қатысушыларына бәсекелестердің кіруіне кедергі келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынғанын еске салды.

Оның ішінде нарықта монополиялық жоғары баға белгілеу де бар. Сондықтан АМӨЗ-ге айыппұл салынуы мүмкін.

Зауыттағы тұрақсыз жағдай

Соңғы уақытта зауыт жанжалдардан көз ашпай келеді. Монополияға қарсы тергеу – оның өзге мәселелерімен салыстырғанда анағұрлым жеңіл түйткіл.

Жыл басында кәсіпорында бензин төгілуімен байланысты ірі апат болды, ал зауыттың бас директоры мен жұмысшылар ұжымы арасында әлі күнге дейін еңбек дауы жалғасуда.


Фото: ҚМГ