Munarmedia.kz. 18.01.2026 /Астана/ –Америкалық Марк Риз Өзбекстанда авторлық құқықтың бұзылуына тап болған. Ол жазушы Абдулла Қадыридің «Өткен күндер» романын ағылшын тіліне аударған.
Аталған шығарма өзбек романистикасындағы алғашқы қарлығаш саналады. Марк Риздің аудармасының электронды нұсқасы интернет желісінде заңсыз таратылып, бұл деректі Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі растаған. Алайда ведомство есебінде негізгі кінәлі ретінде Андижан мемлекеттік шет тілдері институтының (АГИИЯ) кітапханашысы көрсетілген.
Америкалық аудармашының айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарында «жүйелі біліксіздік» қалыптасқан, соның салдарынан заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарапайым қызметкерлерге жүктеліп, ал басшылық жауапкершіліктен жалтарып отыр. Марк Риздің пікірінше, авторлық құқықты бұзу жауапкершілігі техникалық қызметкерге әдейі артылған, бұл оқу орнының қомақты қаржылай өтемақы төлеуден құтылуына мүмкіндік беру үшін жасалған.
Марк Риз бұл жағдайды бір адамның кездейсоқ қателігі емес, «Өзбекстанның жоғары оқу орындарына тән жүйелі ақау» деп бағалады. Оның сөзінше, Өзбекстанның Жоғары білім министрлігі мен университет әкімшіліктерінің жауапкершіліктен қашу тактикасы елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына елеулі нұқсан келтіріп, мұндай мекемелермен халықаралық ынтымақтастықтың орындылығына күмән тудырады.