Баяжума Асылбек. Қазақстанға крематорий керек пе? Дәстүр мен дін, бюджет және логика

61

Қазақстанға крематорий не үшін керек? деген сұрақтың артында терең әлеуметтік, діни, мәдени және экономикалық мәселелер жатыр. Қазақ салты бойынша адамды жерлеу — мыңжылдық тарихқа сүйенген рәсім. Мәйітке құрмет көрсету, ата-баба рухын қадірлеу — қоғамның моральдық құрылымының тірегі. Кремация бұл жүйеге қайшы. Ислам дінінде мәйітті өртеуге рұқсат етілмейді. Яғни, крематорий дәстүр мен діни қағидатқа қарсы жобалардың бірі. Бюджеттен крематорийге 1,5 миллиард теңге бөлінген деседі. Қазақстан халқы — 20 миллион, жер аумағы — әлемде 9-орынды иеленеді. Халқының 70% ислам дінін ұстанады. Енді бірден салынған екен. Оны пайдалану керек. Алматы қаласының әкімі Азамат Сатыпалды крематорийді Денсаулық минге беріп құтылдық дейді. Ендеше крематорий авторларын, қолдаушыларын және оның туыстарын өртеу керек. Болмаса жемқорлықпен, адам органдарын сатушы, педофилдер мен маньяктарды түрмеде бюджет қаражатын шығындамай-ақ өртеп пайдалану қажет. Әрине креморийге бөлінген 1,5 млрд қаражат әлеуметтік салаларға, ауылдық инфрақұрылымға, медицинаға кеткенде әлдеқайда тиімді болар еді. Әрине бұл идея короновипус уақытында жаппай ақылы түрде мәйіт өртеп ақшаға қарық боламыз деген идеядан туындаса керек. Не болмаса алдағы уақытта болуы ықтимал әлемдік зобалаңда пайдаланамыз деген арам ой да болуы мүмкін. Бірақ қаншама ғасыр өмір сүрген қазақ қан соғыста да, ауру, зобалаң, аштық, кесел тараса да туғанын өртеп күнәға батпаған таза халық. Еуропаның кей елдерінде кремация танымал, бірақ олар мәдениеті мен діні мүлде басқа. Мұсылман елдерінде мұндай тәжірибе кең таралмаған. Түркияда да, Сауд Арабиясында да, Пәкістан мен Иранда да мәйітті жерлеу — басты практика ретінде қолданылады. Яғни мұны «әлемдік тәжірибе» деп сылтау қылып қою — шындыққа сай емес. Дәстүрлі қазақ қоғамына кремация қажет емес. Ислам дініне, сенім, нанымға қайшы. Бюджетке — ауыртпалық, желге ұшқан ақша. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек — мұсылман елдерінде мұндай дәстүр жоқ. Халқы мен салты бөтен қытай мен үндістерге болатын шығар. Бұл тек технологиялық мәселе емес. Бұл — ұлттық сананың, дәстүр мен діни құндылықтардың, бюджеттік жауапкершіліктің сынағы. Егер біз «батыстық тәжірибе» үшін өзіміздің мәдени кодымыздан бас тартсақ, ақшамызды ғана емес, рухани тамырымызды да жоғалтамыз. Одан да жергілікті зираттарды цифрландырып, жерлеудің бірыңғай ережесін, қорған тұрғызу мен зиярат ету, ас беру, аза тұту, жаназа рәсімдерін жүйелендірген жөн сияқты. "Жаңа Қазақстан" жалықтырмайтын жүйе....