Munarmedia.kz 19.01.2026 /Астана/-Гидроэнергетика өндірісі төмендеп, оның орнына күн және жел энергетикасының үлесі артып келеді.
2025 жылы трансшекаралық өзендерден келетін су көлемі мен су қоймаларындағы деңгей қалыпты көрсеткіштен 35 пайызға төмен болды. Су ресурстарының тапшылығы салдарынан гидроэлектр энергиясын өндіру 20 пайызға қысқарып, 6,5 млрд киловатт-сағатты ғана құрады.
Сонымен қатар, баламалы энергия көздері керісінше серпін алды. Жел мен күн электр стансаларынан өндірілген электр энергиясының көлемі 29 пайызға өсіп, 10,5 млрд киловатт-сағатқа жетті.
Қазіргі таңда Өзбекстан үкіметі ауыл шаруашылығына зиян келтірмей, ауылдық аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 149 669 шақырымды құрайтын каналдар бойында ірі су электр стансаларын микрогидроэлектростанциялармен алмастыру мүмкіндігін қарастырып отыр.