Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі.

44

Munarmedia.kz. 18.01.2026 /Астана/ – «Бұдан былай жекеменшік мектептер тек нақты қажеттілік бар өңірлерде ғана ашылады. Лицензиялар үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайда тұрған мектептердің орнын басу қажет болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік мектептер тапшылығы байқалатын аймақтарда ғана беріледі», – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар заңнамада жекеменшік мектептердің құрылтайшыларына қойылатын талаптар да күшейтіледі. Олар білім беру сапасына, педагогтердің біліктілік деңгейіне және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты болады.