Белгілі медиаменеджер, журналист Бағдат Қожахметов премьер Бектеновтың басқару стилі туралы тосын пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.
Оның атап өткеніндей министрлер кабинетін ел тарихында алғаш рет генерал басқарып отыр. Қазіргі премьердің бұйрық беру тәсілі бұған дейінгі Үкімет басшыларына ұқсамайды.
"Бүгінгі үкімет үшін қоғамның даусына құлақ түруден бұрын, бақылау мен тәртіп орнату маңыздырақ", – дейді журналист.
Әріптесіміз бұған дейін кабмин тізгінін ұстаған премьерлердің өзіндік ерекшілігі болғанын айтады.
"Мәминнің аузынан сөз суыру қиын еді, Сағынтаев иі жұмсақ дипломат болатын, Смайылов есеп-қисаптың шебері-тұғын. Әзір үкімет басында генерал отыр. Бұрын күштік құрылымдарға көбіне кәстүм-шалбар киген шенділерді апаратын еді, қазір керісінше үкіметке әскери саланың маманын тағайындайтын үрдіс қалыптасты", – дейді.
Қожахметов Бектеновтің дәуірінде Үкімет жұмысында келесідей өзгеріс болғанын айтады. Алғашқысы...
Кейінгісі, негізгі фокус даму емес, тәртіп пен бақылауға қойылып отыр. Үкіметбасы экономика немесе реформаны талқыламайды, көбіне тәртіп, этика, мем.тендер мәселесіне екпін береді.
"Инфляция байыздады дегенмен, елдің нақты табысы өскен жоқ. Экономика бұрынғыдай шикізат экспортына тәуелді. Шетел инвестициясы соңғы 30 жылда алғаш рет Тәшкенге көбірек құйылды", – дейді Қожахметов.
Журналистің пікірінше соңғы кезде бүкіл мем.аппарат шектен тыс сақ қимылдайтын болған.
"Олжастың басқару стилі казармы командиріне ұқсас. Барлығы тап-тұйнақтай, тап-таза, бірақ мемлекет бір орында тапырақтап тұр, ілгерілеу жоқ. Ел деген "стройотряд" емес, тірі организм, тым қатал тәртіп жұрттың тынысын тарылтып тастауы мүмкін. Генералдың тәртіп орнатқаны әлбетте дұрыс, бірақ мұндай үрдіс бізді қайда жетелейді деген сауалдың басы ашық күйде", – деп қорытындылапты әріптесіміз.