Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Геральдика саласы немесе тасқа қашалған таңбалардың қазақ тарихына ықпалы

20


Геральдика дегеніміз гербтану ғылымы. Бұл саланың Қазақстанға келгеніне аз ғана уақыт болды. Оның ғылыми негізі туралы ғалымдар көптеген мақала жазды. Оны қайталамай-ақ қояйын.  Ресми мемлекет 2021 жылы Мәдениет және қоғамдық даму министрлігі жанынан министр Дәурен Абаевтың бұйрығымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұған мұрындық болған сол кездегі мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев еді. Қырымбек Көшербаевқа елтаңбыздың авторы, профессор, академик Жандарбек Мәлібеков пен түрколог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы тасқа қашалған тарихтың қазақтың болашағы үшін маңыздылығы туралы айтқан әңгімелері әсер еткен болу керек. Жалпы геральдика ғылымы Еуропа елінде ерекше дамыған ғылым.

Ал Орта Азия елдерінде Еуропадағыдай көптеген гербтер болмаған соң аса қажеттілік болмаған сыңайлы. Орталық құрылысымен оның директоры болып алғашқы директоры болып Әлібек Асқар ағамыз тағайындалды. Көп жылдар мемлекеттік қызмет пен мәдениет, әдебиет саласында қызмет еткен Әлекең үшін жаңа саланы меңгеру қиынға түсті. Бюджеті мардымсыз, жалақысы төмен әлі ешкімге түсініксіз саланы  басқарып, жолға қою да қиынның қиыны. Дегенмен Әлібек аға жинаған ұжым шама -шарқынша жоқтан бар жасап жұмыстарын бастап та кетті.

 2021 жылы наурыздың соңында геральдикалық зерттеулер орталығын басқару туралы ұсыныс түсті. Мамандығым саясаттануы болғандықтан тарих саласына бас салып кірісіп кетуге жүрексіндім. Дегенмен тәуекелге бел буып 20 жыл істеген мемлекеттік қызметтен бас тартып, орталық директорлығына келдім. Не жеке ғимараты, не жиһазы, телефоны мен компьютері де жоқ мекемені басқару қиынға түсті.

 Дегенмен министр Дәурен Абаевтың көмегімен аз уақыттың ішінде Ұлттық музейге орналасып, жиһаздар мен телефон, 20 компьютер сынды орталықтың жұмысына қажетті заттарды түгендеп үлгердік. Ұжымымызбен ақылдаса отырып геральдика саласын толыққанды түсінетін ғалымдарды тартуды жөн көрдік.

Бұл жұмыста тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы, академик, профессор, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, тарихшы, этнограф, жазушы, журналист Бекен Қайратұлы менің тұрақты ақылшы, көмекшілерім болдым.Орталықта тарих ғылымдарының кандидаты Жібек  Болтанова, қаржы саласының маманы Айнұр Жарахметова, халықаралық журналистер одағының мүшесі Жарқынбек Жұмаділұлы, жазушы Есбол, Оразбек, Асхат т.б. сынды жас мамандарды тарту арқылы жұмыс алға жүре бастады. Нәтижесінде орталық жанынан ғылыми кеңес құрылып, алғашқы тарихи таңбаларға арналған ғылыми конференция мен көшпелі көрмелер өткізе бастадық. Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, жеке сайтымызды ашып, ютуб-каналымыздан белгілі тарихшылармен сұқбатта жүргізе бастадық.

 Ресейге арнайы іссапармен барып РФ геральдикалық кеңес жұмысымен таныстым.  Әрине 3 миллионнан астам гербісі бар кеңестің жұмысы қайнап тұр екен. Бір апта тәжірбие жинақтап, геральдика саласының Вилинбахов Георгий-РФ Геральдикалық кеңес төрағасының орынбасары (төрағасы В.Путин), Гергий Калашников сынды мамандармен жұмыс жасадым. Нәтижесінде бізге «Қазақ геральдикасын» құруымыз қажет деген шешімге келдім. Еуропаның ықпалында кетпей өзіміздің тастағы таңбаларымыздан мемлекеттік рәміздерге дейіңгі аралықты зерттеу қажет дегенді түсіндік.

Осы мақсатта жобалар жасап, өңірлерді аралап, журналистермен пресс-турлар жасап Ақмола, Қарағанды өңірлеріндегі тарихи таңбалы тастарды араладық. Оның мәні мен маңызын жете түсінген журналистер де бұл салаға аса қызығушылық танытты. Жылына бір рет 40 миллион тенге шашып өткізетін формалды «Патриоттар форумын» да тегін өткіздік.

Қаржаубай ағамыздың жетекшілімен «Қазақ геральдикасы» кітабын шығарып, таңбалы тастарды зерттеп жүрген ғалымдардың ортақ платформасы болатын «Таңбалар тілі» халықаралық журналын да шығардық. Бұл журналға Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Монғолия  елдерінің ғалымдары да қатты қуанып, мақалаларын бере бастады. Бұл Қазақстан үшін геральдика саласының Орта Азиядағы лидері болуға үлкен мүмкіндік еді. Алғаш рет «Мемлекеттік рәміздер» күнінде ақындарымыздың басын қосып айтыс ұйымдастырдық.

Белгілі ақын Еркебұлан Қайназардың «Асеке, талай айтысқа қатыстым. Бірақ төбеңде Елтаңба, қасыңда көк ту тұрғанда айтысу қиын екен» дегені есімде. Әзірбайжан мемлекеті орталықпен бірігіп жұмыс жасауға қызығушылық танытып, мәжіліс төрағасының қолымен шақырту да жіберді. Өкінішке орай, комитеттегілер қызғанды ма? Рұқсат бермеді.  Арнайы мамандармен бірлесіп «Таңбалы тастағы оқиға» атты фантастикалық балаларға арналған мультфильм жасауды қолға ала бастадық.

Рәміздерге арналған белгілі ақындардың балаларға арналған жинағын да шығаруды жоспарлап едік. Бұл проблемалардың барлығын 2023 жылы Сенатта Нұртөре Жүсіп ағамыздың бастамасымен өткен комиттетің жиналысында ышна айтқанда едім.

Бірнеше ұсынымыз Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге жетіп, Президент аузымен айтылды. Оның қаншалықты жүзеге асырылып жатқаны бізге беймәлім.  Жалған «геральдистердің»  жетегіне ерген, Мәдениет және қоғамдық даму министрлігінің «Архив істері» комитеті тарапынан біздің бастамамыз қолдау таппады. Керісінше, түрлі кедергілер мен сөздер, интригалар басталып кетті.

Дегенмен біз Қарағанды, Көкшетау, Астана қалаларындағы еліміздің жетекші университеттерінде , Қорғаныс министрілігінің әскери бөлімдерінде , мектептерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын толыққанды жүргіздік. Біреуін ағалап, бірін көкелеп, қаржымыз болмаса да өзіміз алатын 140 мың тенге жалақымыздан салып жүріп, осыншама еңбек істеп тастағаныма ұжымыма алғысым шексіз. Алдағы уақытта Алматының «Таңбалы тас» мекемесіннің негізінде Еуразия геральдистер одағын құру, оның алғашқы халықаралық конференциясын өткізу сынды ауқымды істерді жоспарлай бастады.

 Өкінішке орай, Дәурен Абаевтен кейін келген министрлер Асхат Оразов, Дархан Қыдырәлі, Аида Балаева бұл саланың идеологиялық жағына мән бермеді. Түсінбеді. Қазіргі таңда геральдикалық орталық Архив істер Комитетінің қол баласы, өздігінен әрекет жасай алмайтын, қаржы, қаражаты, қолдауы жоқ, Комитеттің геральдика басқармасының хатшысы ролін атқарып жүрген мардымсыз мекемеге айналды.

Тәжірбиелі мамандардың барлығы дерлік қызметтен кетіріліп, аты бар да заты жоқ мекемеге айналды. Жалпы тасқа қашалған тарихты қорғау және зерттеу жұмысын осы орталықтың құзырына беру керек. Әр облыстағы тарихи мұраны қорғау орталықтарын геральдика орталығының құзырына беру арқылы, талай ғасырлар бойы үнсіз жатқан тастарды сөйлетіп, қазақ тарихына көптеген жаңалықтар әкелуге мүмкіндік бар. Бұл мәселенің маңызын қазіргі мемлекеттік кеңесі Е.Қарин білсе де, үнсіз отыр.

Геральдикалық орталықты Комитетке емес, министрлікке тікелей бағындырып, қаржылық қолдау көрсетіп, ғалымдар мен мамандармен қамтамасыз етсе, осы саладағы ел имиджін көтеретін, отансүйгіштік пен ұлтжандылықтың үлгісін көрсететін орталыққа айналары сөзсіз.

 Ономастика саласында қосып, елді-мекендердің атауы, оның рәміздерн бекіту, саралау жұмыстарында алып жүруге қауқары бар мекемеге айналдыруға болар еді. Бұл жұмыс күнделікті түкке тұрғысыз конференциялардан мың есе пайдалы болары сөзсіз.

Тіпті қажет болса мемлекеттік кеңесішінің аппаратына тікелей бағынатын орталық ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысса да артық болмас еді. Өкінішке орай, мемлекетіміздің аса маңызды иедологиялық салаларының бірі

Геральдикалық зерттеулер орталығының қазіргі халі мүшкіл. Азын-аулақ іс шаралар өткізген болған мен Комитет тарапынан көрсетіліп жатқан бюрократизм мен Министр тарапынан қолдау болмағандықтан кенже қалып қойды.

Алдағы уақытта билік органдары бұл салаға мән беріп, қолдау көрсетеді деген сенмідемін.

Асылбек Байжұмаұлы