Микроқаржы ұйымдары халықты кедейлендірудің құралы һәм әлеуметтік төңкерістің ошағы

34

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) бастапқыда әлеуметтік қолдаудың құралы болуы тиіс еді. 

Алайда бүгінгі жағдай  мүлде басқа сипат алды.

Микроқаржы секторы халықты орта және ұзақ мерзімді қарызға батыратын ел экономикасының дамуына пайдасыз институтқа айналды.


Бұл институт ХХ ғасырдың соңында Бангладеште Мұхаммад Юнус енгізген әлеуметтік бастама болатын. Мақсаты  кедей адамдарға шағын кәсіп ашуға жеңілдетілген несие беру еді.

Еуропа мен Батыс Азияда да микроқаржы ұйымдары бар, бірақ пайыздық мөлшерлемелер қатаң реттеледі және несие тек кәсіпкерлікке беріледі.


Қазақстандағы жағдай бұл үлгіден түбегейлі өзгеше.

→ Жоғары пайыздық мөлшерлеме.

ЖТСМ 50–100%-ға дейін жетеді. 

Көп адам қарызды жапқаннан гөрі, өсімін ғана өтеп жүреді.

→ Табысы төмен топтар жаңа қарызбен ескі қарызды жабуға мәжбүр.

→ Халықтың алған несиелерінің басым бөлігі МҚҰ-лардың тойға, техникаға, күнделікті шығынға арналған несие. Бұл макроэкономикалық өсімге үлес қоспайды.

 Еуропа мен Батыс Азияда МҚҰ  қалай жұмыс істейді?

МҚҰ коммерциялық емес сипатта.

Пайыздық мөлшерлеме 5–15% деңгейінде.

Несиелердің негізгі бөлігі – микро­кәсіпкерлікке ғана беріледі. 

Тұтынушылық несиеге қатаң шектеулер бар.

Қазақстанда керісінше бұл сектор коммерциялық табыс табуға құрылған.

Қазақстанда МҚҰ-ларды жаппай көбейтудің артында белгілі қаржы мафиясы тұр.

Оларға халықты қанап, ақшасын сыпыру керек.

Ел экономикасының дамуы мен әлеуметтік төңкеріс орын алуы мүмкін деген қауіпке түкіргендері бар.

Олардың қол-аяқтары Үкіметте, Мәжіліс пен Сенатта отыр.

-МҚҰ – ең табысты бизнес. Пайыздық маржа банктерден бірнеше есе жоғары.

-Тұтынушылық нарық жүйесі.

Халық неғұрлым қарыз алса, дүкендер, банктер, коллекторлар соғұрлым пайда табады.

-Мемлекет үшін де уақытша «ыңғайлы құрал».

Әлеуметтік қысымды азайтады, халықтың қысқа мерзімді қажеттілігін бюджетсіз жабады.

Микроқаржы ұйымдары – қазіргі таңда әлеуметтік қолдаудан гөрі, халықты қарызға тәуелді ететін жүйеге айналды.

 Бұл сектор реттелмегендіктен, елдегі кедейлік деңгейі күшейіп, экономикалық тұрақтылыққа  қауіп  төндіріп тұр.

Президент әлем елдерін шарлап, млрдтаған доллар инвестиция әкеп жатса да экономика тұралап тұр.

Бұған себеп сауатсыз экономикалық саясат, бақылаудың жоқтығы мен жемқорлық.

Үкімет Айдархан Құсайынов, Ораз Жандосов, Ғалым Байтук  сынды белгілі ойы мен тәжірбиесі бар экономистерді тыңдағысы келмейді.

Баяжума Асылбек