Марқұм Арман Дүйсенов пен ұлының өлімінің шындығы қашан ашылады?

52

Белгілі сазгер, қазақтың аяулы азаматы Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу Айданқызының Арман Тасыған бауырымызға берген сұқбатын  бүкіл қазақстандықтар көрді. 

Арман ағамызда жұмбақ жағдайда қаза болған екен. Оны алдап 65 миллион ақшасын бермей жүрген Имамәди деген біреу алаяқтық фактісімен ғана сотталыпты.

Ал аса әділетті "сот" 7 млн тенгесін ғана   қайтаруды міндеттепті. 

Ол аздай апталдай азамат ұлы Абылайдың да жұмбақ өлімі тергеу тексерісінен тыс қалған.

Анасы Айсұлу "қолын артына өзі байлап, асылып қалмайтын шығар. Алайда бұл мәселені сот сараптамашылары да, тергеушілерде ескермеді" деп отыр.

Жалпы Қазақстанның сот сараптамасына сұрақ көп. 

Қаншама адамның жазықсыз сотталауына тікелей кінәлі осылар боп тұр.

Парламент осы мәселені қолға алып цифровизацияны енгізіп, автоматтандырып жіберсе жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жойылары сөзсіз.

Сонымен Арман ағамыздың ұлы Абылайдың ұлының жұмбақ өлімі созбалаңға салынып шешім шықпады.

Екі бірдей өлім аз болғандай Санжар Мұқаш деген біреу пайда болып 95 млн тенгемді қайтар немесе үйді босат деп жағадан алып жатса керек.

Ал тағы да Алматының аса әділ "соты" тергеп-тексеру жұмыстары аяқталмай жатып Айсұлуды үйінен шығару жөнінде шешім шығарып үлгерген.

Қолында 13-тегі ұлы мен 80-нен асқан әкесі бар Айсұлу қайда барарын білмейді.

Ал кезінде Арманның әнін орындап, аты шыққан, пайда көрген  Ахметбек ағамыз айтпақшы "шегірткелер" үнсіз.

Ал Арманды сыйлайтын адвокаттар мен басқа да достары көмектесіп жатқан сияқты.

Кеше қазақтың ерке қызы Мақпал апамыз фонограмма-әншілерге Арман отбасына көмектесейік деп үндеу тастады.

Оған да рахмет.

Ал бір отбасының тағдырымен ойнап, талқанын шығарғандар кімдер? 

Қандай күш тұр? Біраз уаөыт қоғам шулап жатса да ІІМ Ержан Сәденов үнсіз. 

Әділдік қайда? Осы сұрақтарға нүкте қоятын кездің ауылы алыс сияқты......