Қандас мәртебесі өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстану аймағына келген күні ғана күшіне енеді. 2017-2023 жылдар аралығында еліміздің солтүстік және орталық өңірлеріне 10,9 мың қандас қоныс аударды. Министрліктің талдауы бойынша, қандастар мен қоныс аударушылардың шамамен 85% - ы қоныстану аймақтарында тұрады, 15% - ы басқа аймақтарға кеткен.
“Министрлік сонымен қатар осы жылдың алты айында 3287 өтініш бойынша қандас мәртебесін беруден бас тартылғанын хабарлады. Бас тартудың негізгі себебі - құжаттардың толық емес пакетін ұсыну. Бұл ретте өтініш берушілердің көпшілігі ескертулерді түзетсе, құжат қайта қаралады”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі қандас мәртебесін алған елден кеткен азаматтардың жеке есебін жүргізбейтінін атап өтті.
2023 жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі жұмыс істей бастады. Оның шеңберінде елге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда республиканың шет елдердегі мекемелері арқылы жаңа форматта этникалық қазақтардан 9 569 өтініш (656 отбасы) қабылданды.
1991 жылдан бастап Қазақстанға барлығы 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралды.