Жап- жақсы қызметін атқарып жүрген Қарағанды қаласының әкіміне , әлеуметтік желідегі бір “ас үйдегі сыншыға” “не умничай” деген сөзі үшін мемлекеттік қызмет істер агенттігі (МҚІА )тәртіптік кеңесі ескерту жариялады деп “сүйінші” сұрап жатқандарға айтарым , әкімдерді әлеуметтік желідегі комментариімен емес, нақты істерімен бағалау керек , сондықтан бұл дұрыс шешім емес, ішіп-жеп қойса бір сәрі !
Бұл туралы белгілі саясаткер- дипломат Казбек Бейсебаев та ФБда жақсы жазыпты.
Әкім де адам , әр адамның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар , қателеспейтін адам жоқ ( у каждого человека есть масса достоинств и куча недостатков), оның үстіне 24/7 өмірі ел басқару қызметінде өтетін, жауапкершілік жүгі үлкен басшының басқан ізін түрткіліп , әрбір ісін шұқылай берсе жүйкеге де салмақ көп түсетіні белгілі.. Бұл жерде менің Қала әкімінің адвокаты болайын деген ойым жоқ, жалпы мемлекеттік қызметкерлердің абыройын жер қыла бермеу туралы жеке пікірім …
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” деп жап -жақсы басталған бастаманы 180° кері бұрып , “Дән мен қауызды айырмай ” халықтың түйткілді мәселелерін шешуге пайдаланудың орнына ,кейінгі кезде кейбір моветондар мен жауапсыз блогерлер кез келген басшыны, әсіресе әкімдерді “тисе терекке тимесе бұтаққа “ деп жамандаса , биліктегі кейбір шәш ал десе бас алатындар , әкімдерді “қоғамның алапесі” немесе “ таяқ жейтін сорлы ” жасап, жазалау үрдісі белең алып кеткені дұрыс емес, осы орайда Президентте бірнеше рет ескерту жасады , 2002 жылы « Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді. Орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс .«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек» десе , осы таяуда ғана «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының да қадырін кетірмей ,кейінгі кезде белең алып кеткен, әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына бөгет жасайтын невроздар, псевдоблогерлер мен әсіре белсенділерге жығып беріп, мемлекеттік қызметтің абыройын түсіре бермеуге де заңды тосқауыл қою тетігін шешу керек.» тағыда қайталап ескертуі, жағдайдың ушығып кеткенін көрсетеді ! Сондықтан МҚІА, аманаты , тағы басқалары бар, бір ауыз сөзі үшін бас салып әкімдерді жазалай бергенді тоқтату керек ! Әйтпесе келешекте ел басқаратын басшы қалмайды , оның үстіне келесі жылдан бастап аудан , қала әкімдерін жаппай сайлау болатынын ескерсек , олардың орнын Президент айтқандай невроздар мен көше бұзақылары басатын жағдайға тап болып жүрмейік, онсызда кейінгі тағайындалып жатқан әкімдердің саны бар да сапасы аз болып тұрғаны жасырын емес .
Сондықтан, кеш болмай тұрғанда , әкім лауазымының қадыр -қасиетін кетірмей , әкімдік қызметке кадрлық резервті , кландық трайбализмнан ада , білімді де білікті, тәжрибелі hәм мінезді азаматтардан осы бастан іріктей берген дұрыс болады . Іріктей біліп , дұрыс таңдау жасалынса , қоғамда Басшы болуға лайықты азаматтар жетеді.
Бұл бірінші кезекте мемлекеттік қызмет істері агенттігінің міндеті болу керек деп есептеймін .
Әкім жергілікті жердегі Президенттің өкілі, мемлекеттің ақыл-ойы ,ар -ождан келбеті, олардың лауазымын мемлекеттік қамқорлыққа алуы керек , Мемлекеттік қызметшілерде , елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары ретінде , лауызымына сай , өз қызметтеріне лайықты болуға міндетті .