Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Марченко: Қазақстандағы девальвациялар ірі экспорттаушылардың қысымымен жасалған...

37



Ұлттық банктың экс-басшысы, әйгілі Григорий Марченко "Купол Юрты" YouTube арнасына берген сұхбатында 2013 жылы Ұлттық банктің девальвациядан қалай құтылғанын баяндады деп жазады Ақша менталитеті.

Оның айтуынша, сол жылы премьер-министр Серік Ахметов металлургиялық Mittal Steel компаниясын қолдау жоспарын әзірлеген. Осы жоспардың бір тармағында ұлттық валютаны девальвациялау ұсынысы болған.

Алайда Ұлттық банк президент Назарбаевты бұл қадамнан бас тартуға көндіре алған. Бірақ Марченко қызметінен кеткеннен кейін девальвация бәрібір жүзеге асқан.

2014-2015 жылдары, Қайрат Келімбетов пен Данияр Ақышев Ұлттық банкті басқарған кезде, үш рет девальвация болды. Валюта бағамы 150 теңгеден 380 теңгеге дейін өсіп, 2,5 есе қымбаттады.

Марченконың айтуынша, бұл қажетсіз девальвация ірі экспорттаушылардың қысымымен жасалған.



"Қазақмыс", "Қазцинк" және Mittal Steel сияқты ірі экспорттаушылар девальвациядан көл-көсір пайдаға кенелген, себебі сол доллардан көбірек теңге алуға мүмкіндік туған.

"Алайда бұл шешім жалпы экономикалық жағдайды жақсартқан жоқ, тек белгілі бір компаниялар тобына ғана тиімді болды",- дейді Марченко .

Марченко осы арқылы Ұлттық банктің шешімдеріне ірі ойыншылардың тікелей ықпал ететін әшкерелеп отыр.