Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Өлі теңіздің жаңғырығы

174


Арал теңізінің құрғау салдары Орталық Азия ғана емес әлемнің проблемасы екенін баршамыз білеміз. Арал теңізінің құрғап қалуы адамзат тарихындағы ең ауыр экологиялық катастрофа.

1960 жылдары КСРО жүргізген ауылшаруашылық саласына суды есепсіз пайдалану салдарынан Орта Азиядағы ірі теңіз құрғап, жан-жағында және теңіз ішінде қайнап тұрған тіршілік тоқтады. Теңіз жағасындағы ауылдар мен ойнаған балалар, сауда-саттық, қолөнер бұйымдары бәрі бірнеше жылда ізім-қайым жоғалды.

Ең қауіптісі, Арал теңізінен ұшқан  токсинді тұздардың Гималай тауынан, Атлант және Тынық мұхитынан тіпті Антарктидағы пингвиндердің қанынан табылғандығы.

Қазіргі таңда Арал теңізінің көлемі азайып, Аралқұм шөлі пайда бола бастады. Оның жалпы аумағы 54 мың квадрат шақырымды құрап отыр. Балықшылар кенті көшіп, өңірдің экономикасы әрең тыныс алып тұр. Жел жердегі шаңды көтеріп, токсинді заттар мен концентратты тұз бен ауылшаруашылығына қауіпті химикаттарды ұшырып, Арал теңізінің жағасын мекендеген 40 миллионға жуық халықтың денсаулығына, психологиясына  қауіп төндіріп тұр.

БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 3,5 миллионға жуық адамның денсаулығына кері әсерін тигізіп, тұрмыс деңгейі нашарлады.

Бұл біз тұрып жатқан планетаның өзара тығыз байланыста болатынын көрсетеді. Қазірдің өзінде сумен қамту мәселесі үлкен проблема туғызып отыр.

 Бұл мәселе болашақта әлем елдерінің өзара көші-қонға әсер етіп, қақтығыстарға әкелуі мүмкін екенін сарапшылар айтуда.

Арал теңізінің проблемасын Қазақстан ғана шеше алмайды.

Бұл әлемдік деңгейдегі проблема болғандықтан көптеген елдер біріге отырып, теңіз жағалуын мекендеген елді-мекендердің тұрмыс, тіршілігін түзеп, экожүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін ғалымдар айтты, дәлелдеді. Алайда, Аралдың бұрыңғы көлемін қайта қалпына келтіру мүмкін еместігі түсінікті.

Бұл жұмыста Қазақстан көшбасшылық танытып, Арал теңізін қалпына келтіруге арналған кешенді шараларды қолға отыр. Алдағы үш жыл Қазақстан Арал теңізін құтқаруға арналған қорға төрағалық етеді. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде Аралдың солтүстік тұсын сәл қалпына келтіргенмен ондағы тіршілік иелері балықтардың популяциясы, адамдардың денсаулығын жақсарту мәселесі шешілмеген күй қалды.

Бұл бағытта Арал бассейінін толтыруға арналған 4, климатты бейімдеуге арналған 12 бағдарлама негізінде жүзеге асырылды. Бағдарлама 2030 жылға дейін жалғасады.

2018 жылдан бері Аралқұм шөліне 1,73 млн гектарға сексеуіл егілді. Биыл Қазақстан 275 мың гектар жерге құмды құйындардың алдын алатын ағаштар егіп, 2025 жылы 1,1 млн гектарды қамтуды көздеп отыр.  

Жүргізілген жұмыстардың барысында Арал теңізінің солтүстігі  21,4 млрд кубометр ұлғайса, жақында 1,1 млрд кубометр су қосылды.

Қазір өзенге секундына 50 метрі су қосылып, өткен жылмен салыстырғанда алты кубометрге көп көрсеткішке жетті.

Мұның барлығы, халықаралық ұйымдардың бірккен жүйелі жұмыстарының нәтижесі болып отыр.

Мысалға, Көкарал плотинасы 2005 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен аяқталды.

Алайда әлі күнге дейін Аумдария мен Сырдария суларының әділетті бөлінуі мәселесінде нақты шешім жоқтың қасы.

 Су ресурстарының мүддесі көбінесе ауылшаруалық және экономикалық мүддені қорғап, қоршаған ортаны қорғау саласын кейіңге қалуына әсер етіп келеді.

Бұл үйлестіру жұмыстарының олқылығынан орын алып отыр.  Бірнеше халықаралық ұйымдар Қазақстанмен бірлесіп жұмыс жасауға дайын.

Өңірде экологиялық туризмді дамыту, қосымша энергетика көздерін қарастыру, балаламалы энергия көздері ретінде жел электростанцияларын орнату, су тазалау құрылғыларын орнату, жолдар салу, ғылыми зерттеу орталықтарын орналастыру, құмды жерлерге арналған өсімдіктерді тамшылап суару әдісімен өсіру  сынды шаралар болашақта Арал теңізін мекенген елді-мекендердің бірқатар проблемаларын шешуіне септігін тигізері сөзсіз.

Асылбек Байжұмаұлы