Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ЮНЕСКО өкілдері Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының киіз үйіне қонаққа барып, ДКО-дағы «АЗ и Я» жобасының халықаралық көкжиегін кеңейтті

24


 

Бүгін ЮНЕСКО тарапынан орнатылған Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының Олжас Сүлейменов атындағы «АЗ и Я» киіз үйін, орталық директорын, ДКО аясында құрылған этноауылды ЮНЕСКО-ның мәртебелі қонақтарына таныстырып, маңызына тоқталып, аталған киіз үйдің әлемдің аренадағы әлеуетін асырды. Құрметті қонақтар қатарында Kim Jisung, ЮНЕСКО-ның Бас директоры ICHCAP, Kim Deoksoon, ЮНЕСКО стратегиялық даму бөлімінің директоры ICHCAP және Түріктің дәстүрлі садақ ату федерациясының директорлар кеңесінің мүшесі Zafer Metin Atas болды. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мәдени ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Рустам Рахымұлы Мұзафаров қонақтарға жол көрсетті.

 

 

ЮНЕСКО-ның осындай беделді өкілдерінің қатысуы жобаның мәртебесін және оның әлемдік мәдени мұраны сақтаудағы, мәдениеттерді жақындастырудағы рөлінің маңыздылығының бір көрінісі. Киіз үйдің «Аз и Я» атауының өзі осы дүниені меңзейді. О.О. Сүлейменов айтқандай: «Біз кең-байтақ кеңістікке жайылған елміз, барлық мәдениет ықпал ететін халықпыз. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біз мұны жақсылыққа пайдалануымыз керек. Егер біз өзіміздің ерекшелігімізді жоғалтпай, жаңа дүниені игеру принципі бойынша әрекет етсек, біз оны игілігімізге пайдалана аламыз».