Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Израиль оккупациясы Газадағы ауруханаларға жанармай тасуға кедергі жасап, балалардың өміріне қауіп төндіруде.

38



Екі айдан астам уақыт бойы израильдік оккупациясы  Газадағы қираған ауруханаларға жанармай жеткізуге тосқауыл қойып, ондаған баланың өміріне тікелей қауіп төндіруде. АҚШ-тың қаржылай және саяси көмегімен Палестина жеріне баса көктеп келген Израиль оккупанттары ел адамзат тарихындағы аса ірі геноцидті жүзеге асыруда. Қаншама мемлекеттердің бітімгершілікке шақырған үндеулері мен әлем халқының қарулы қақтығысты тоқтату туралы шерулеріне пысқырмаған Израиль Үкіметі Газа секторына шабуылды үдетуде. Нәтижесінде мыңдаған адам босқын атанып, 40 мыңнан астам адам қаза болды. Әсіресе қаза болғандардың ішінде жазықсыз балалардың көптігі қынжылтады.