Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Орталық Азия елдерінің көпвекторлы сыртқы саясаты және оның салдары

50


 

Әлемдік және көршілес елдермен шектесетін кеңістікке қосылып, экономикалық тұрғыдан байланып қалған Орталық Азия елдері державалардың мүдделеріне мойынұсына отырып теңгерімді сақтауға мәжбүр.

Көпвекторлы саясат жүргізіп отырған Орталық Азия елдерінің саясаты Ресеймен ынтымақтастықта бол тұрып, санкияның айналып өту, өндіріс ошақтарын жылдам көшіру сынды әрекеттерді тез үйреніп алуына оң әсерін тигізді. Бұл Ресеймен байланысын толық үзбеген Орталық Азия елдері үшін Америка Құрама Штаттары тарапынан жасалатын қыспаққа төтеп беруі үшін ыңғайлы тәжірбие жинақтап алуына септігін тигізді. т

Болашақта мұндай экономикалық соққылар Ресей ғана емес Қытай, Иран мемелкетттеріне де қиындықтар туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық Азия мемлекеттері ШЫҰ, ҰҚШҰ және ЕАЭО ұйымдары арқылы бірлесе отырып, батыс санкцияларына төтеп берудің жолдарын ашады.

ЕАЭО-дағы ынтымақтастық экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және арттыруға ықпал етеді. ҰҚШҰ Орталық Азиядағы әріптестерімен бірлесіп сыртқы және ішкі қатерлерге төтеп беруге қабілетті тұрақты аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға дәйекті және жүйелі жұмыстарды бірігіп жасауды қарастырып отыр.

Әлем елдері АҚШ-тың әлемдік тәртіпті өзгерту саясатына қарсы жұмылып, саяси, әлеуметтік-экономикалық соққыларға бірлесе қарсы тұрып, мемлекеттің ішкі сыртқы қауіпсіздігін сақтап қалауы үшін маңызды қадам жасап отырғандығы хақ.

Дүниежүзінің бірқатар мемлекетінде дипломатиялық қызмет атқарған Қ.Тоқаевтың көпвекторлы саясаты Орталық Азия елдеріне үлгі болуда. Бір ұстанымдағы бес мемлекеттің үлкен державалардың сұрқия саясатына жұтылып кетпеуіне септігін тигізеді.