Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Іле ауданы әкімі не үшін ұсталды – Антикор толығырақ ақпаратты жариялады

76



Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ісі жөнінде толығырақ ақпаратты жариялады. Тергеуге ілінген әкім аймаққа 204 млн теңгеге залал келтіріп, басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық схемаға тартты деген күдікке ілінген.

▪️ӘКІМ НЕ ҮШІН КҮДІККЕ ІЛІНДІ  

Бағдат Қарасаев өзіне аффилиирленген компаниясына қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша тергеліп жатыр.

▪️ОЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМАҒА КІМДЕРДІ ТАРТТЫ  

Бекайдаровтың айтуынша, қылмыстық схемаға Қарасаев аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартқан.