Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны – 12 млн 284 487 адамды құрады. Олардың 63,66 пайызы немесе 7 820 204 дауыс беруге қатысты. Осылайша, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заң нормаларына сәйкес, референдум өткізілді деп саналады. Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны – 130 267. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайтын бюллетендер саны – 82 729 бюллетенді құрады. Осылайша, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады», – деді ол.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады.