Орталық Азия мемлекеттері қазіргі таңда Ресейдің Украинамен соғысы аясында халықаралық санкцияларға қарсы тұру стратегияларының маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Бұл аймақтың экономикалық жағдайы Ресей мен Қытайдың ықпалына тығыз байланысты, ал осы елдердің санкцияларды айналып өту әрекеттері Орталық Азияның елдерінің болашағына әсер етуде.
Ресейге қарсы санкциялар күшейген сайын, Орталық Азия аймағы Ресейдің сыртқы экономикалық байланыстары үшін транзиттік хабқа айналуда. Электроника мен әскери технологиялар сияқты санкцияларға ұшыраған тауарлар Орталық Азия арқылы қайта бағытталып, санкцияларды айналып өтудің жаңа жолдары ашылуда. Бұл жағдай, әсіресе, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы компанияларға қатысты санкциялармен байланысты мәселелерді тудырып отыр. Қазіргі уақытта бұл елдер санкцияларды бұзатын немесе айналып өтетін компаниялар санкцияларға ұшырап, заңды жауапкершілікке тартылады.
Алайда, бұл мемлекеттердің геосаяси таңдауында да күрделі дилемма бар. Батыс елдері, әсіресе АҚШ пен Еуропалық Одақ, Орталық Азияны Ресейдің ықпалынан толықтай шығаруды мақсат етпейді, бірақ олар бұл елдердің Қытай мен Ресеймен экономикалық және саяси бірлестігіне қарсы тұрып, оларды санкцияларды айналып өтетін орындарға айналдыруға жол бермеуді көздейді. Бұл жағдайда, Батыс санкцияларынан кейінгі Орталық Азияның жаңа рөлі оның халықаралық қатынастарындағы негізгі бағыттарды қайта қарауды талап етеді.
Сонымен бірге, Орталық Азия елдері санкциялармен күрес тәжірибесі мен білімнің жетіспеушілігін сезініп отыр. Ресей сияқты елдер бұл салада мамандарды даярлауға және халықаралық санкциялармен жұмыс істеу әдіснамасын жетілдіруге үлкен назар аударса да, Орталық Азиядағы мемлекеттер осындай мамандарды даярлау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмей келеді. Нәтижесінде жерігілкті билік орнадары мен кәсіпкерлер санкциялардан сақтану жолдарын іздегенде заңды және экономикалық тұрғыдан тиісті шешімдер қабылдай алмауда.
Орталық Азияның қазіргі геосаяси жағдайы тек Ресеймен ғана емес, сонымен қатар Батыс пен Қытай арасындағы шиеленістің салдары болып табылады. Бұл аймақ санкциялар мен тәуекелдерге қарсы тұруда жаңа біліктілік пен мамандарды даярлауды қажет етеді. Орталық Азия мемлекеттері үшін санкцияларды айналып өтудің қауіптері мен артықшылықтарын теңестіру қажеттілігі туындайды, ал бұл аймақтың болашағы оның халықаралық қатынастардағы орнына байланысты болады.
Асылбек Байжұмаұлы, саясаттанушы