Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері

17



Munarmedia.kz-Азық-түлік қауіпсіздігі Орталық Азия үшін маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Аймақтағы экономикалық, климаттық және әлеуметтік факторлар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі мен сапасына айтарлықтай әсер етуде.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) өткен жылы «Еуразия аймағының азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту» атты баяндамасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері, Өзбекстан және Тәжікстан 2035 жылға қарай 240 миллион өз халқын және 360 миллион басқа елдердің халқын азық-түлікпен қамтамасыз ете алады деп мәлімдеген. Алайда бұл мақсатқа жету үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі мәселелері

Нарықта азық-түлік бар болғанымен, оны сатып алуға қаржылық мүмкіндіктің болмауы басты проблемалардың бірі болып отыр.

Қырғызстанда халықтың 29,8%-ы (2023 ж.) кедей санатына жатады.

Қазақстанда 4,6% халық ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүреді (2024 ж.).

Өзбекстанда бұл көрсеткіш 11%-ды құрайды.

Тәжікстанда 21,2%-ға тең.

Түрікменстанда ресми деректер жарияланбағанымен, елде кедейлік деңгейі жоғары деп есептеледі.

ЕАДБ Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін негізгі үш факторды атап көрсетеді:

Ауыл шаруашылығы жерлерін кеңейтудің шектеулі мүмкіндігі.

Құрғақшылық пен өсіп келе жатқан сұраныс салдарынан күшейе түскен су тапшылығы.

Те[нологиялық прогрестің баяу қарқыны.

Орталық Азияда халық санының артуы ауыл шаруашылығы саласына қосымша жүктеме түсіруде.

ЕАДБ мәліметінше, Қазақстан 2035 жылға қарай азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін 127-143%-ға дейін арттырып, азық-түлік экспорттаушы ел ретінде өз позициясын нығайтады.

Қырғызстан мен Өзбекстан ұлттық бағдарламаларын сәтті жүзеге асырған жағдайда азық-түлік қамтамасыз ету деңгейін шамамен 76-89% және 69-83%-ға дейін арттыра алады.

Ал Тәжікстанда бұл көрсеткіш 56,7%-дан 53%-ға дейін төмендейді деп болжануда.

Орталық Азия елдері үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік дамудың маңызды факторы болып қала береді. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық пен халықаралық келісімдер бұл бағыттағы мәселелерді шешуге ықпал етуі мүмкін.