Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда Амангелді Иманов көтерілісінен екі жыл бұрын туған сиыр субсидияланған: Ауыл шаруашылығына бөлінген 2 трлн теңге неге нәтиже бермеді?

82


Қазақстанның ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиялар тиімсіз пайдаланылуда. Жоғарғы аудиторлық палата (ЖАП) ауыл шаруашылығы саласын тексеру барысында субсидиялардың өнім көлемін немесе түсімді арттыру үшін емес, жай ғана бөлінгенін анықтады. ЖАП төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВтың айтуынша, соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия түрінде шамамен 2 трлн теңге бөлінгенімен, олардың елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі шамалы ғана.

Субсидиялау жүйесінің негізгі кемшіліктері:

Соңғы он жылда қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының орта жолда тоқтап қалуы;

Басымдықтардың жиі өзгеруі;

Соңғы бес жылда субсидиялау түрлері мен механизмдерінің 70 рет өзгеруі;

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жаңа ережелерді түсінуге үлгермеуі.

Нәтижесіз субсидиялау мысалдары:

5 млрд теңге көлемінде субсидия алған 2,5 мың шаруашылық өз қызметін субсидия алмас бұрын немесе алғаннан кейін тоқтатқан.

5,4 млрд теңге алған 3 мың субсидия иегері ауыл шаруашылығымен мүлде айналыспаған.

Субсидия алғандардың көпшілігі оларды өндірісті арттыру үшін емес, тек қаржыны игеру үшін пайдаланған.

ЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың пікірі:

«Субсидияны алушылардың көпшілігі бұл қолдауды шығындарды өтеуге арналған мемлекет міндеті ретінде қабылдайды, нәтижеге бағдарланбайды. Субсидиялар төлеу "әлеуметтік" сипатқа ие болды. Ауыл шаруашылығы бағдарламаларын дамыту концепциясында 17 бағыттың тек төртеуінде ғана міндетті нәтижелер көрсетілген. Бірақ барлық субсидия еңбек өнімділігін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс еді. Алайда бұл мақсаттар орындалмады.»

Субсидияларды бақылау үшін "Gosagro.kz" ақпараттық жүйесі құрылған болатын. Алайда бұл жүйе екі жыл бойы тек сынақ режимінде жұмыс істеп, ақпараттық қауіпсіздік тексерісінен өтпеген. Жүйенің тиімділігіне күмән келтірген Әлихан Смайылов:

«Жүйе қосарланған субсидиялау фактілерін тоқтатуға қауқарсыз. Цифрландыру арқылы бюрократиялық кедергілерді азайту мен субсидия бөлудің ашықтығын арттыру күтілгенімен, шын мәнінде бұл мүмкін болмай отыр,» – деп мәлімдеді.

Министр Айдарбек Сапаровтың мәлімдемесі:

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы жұмыс тобы құрылып, субсидиялау саласындағы қателіктер мен жалған есептер анықталды. Мысалы, үш миллион тонна сүт, екі миллион бас ірі қара, үш миллион қой, екі миллион тонна картоп өндірілді деп жалған деректер тіркелген,» – деді министр.

Қызықты дерек:

Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, субсидия 108 жыл бұрын туған сиырға берілген. 1914 жылы 6 наурызда дүниеге келген, 1299 айлық сиырды субсидиялаған әкімдік  Амангелді Иманов көтерілісінен екі жыл бұрын өмір сүрген- мыс  жануарды субсидиялаған.

Бұл дерек ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетіп отыр. Бұдан әрі субсидиялау механизмін жетілдіру мен бақылауды күшейту қажеттігі туындап отыр.