Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі кен орындарын қытайлар сатып алуда...

28


Энергетика министрлігі ұйымдастырған соңғы онлайн аукционда мұнай мен газ қорына бай 6 кен орнының бесеуін Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлар сатып алған деп жазады DALA INSIDE upstreamonline таратқан мәліметке сүйеніп.  

Сауда барысында ең жоғары бағаны Sozak Oil & Gas компаниясы ұсынған екен. Геобарлаумен айналысатын компания Ұлытау облысындағы бастапқы бағасы 73 миллион теңгеге бағаланған Бестақыр учаскісі үшін 23,4 миллиард теңге (шамамен $45 миллион) көлемінде өтінім берген. 

Компания Қазақстанда тіркелгенімен, негізгі акционері Нидерландта тіркелген Sino-Science Petroleum компаниясы. Соңғы иесі қытайлық Хуэй Лин деп тұр. 

Аукцион шартына сай 17 желтоқсанға дейін келісілген соманы толық төлесе Sozak Oil-ға осы аумақта мұнай мен газды барлау және өндіру құқығы беріледі.

🔸Бестақырдың аумағы 4700 шаршы шақырымнан асып жығылады. Әзірге мұнда ірі кен орындары табылған жоқ, дегенмен дәл іргесіндегі Құмкөлдың мұнай қоры шамамен 1 миллиард баррельге бағаланып отыр.

Құмкөлдің өзін қазір Turgai Petroleum және PetroKazakhstan Kumkol Resources бірлесіп игеруде. Екеуі де Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен қойын-қолтықтасып жұмыс істейді.

Аукциондағы екінші ең жоғары өтінімді Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy компаниясы берген. Олар Атыраудағы 1977 жылы ашылған Кұлсары учаскісі үшін 2,6 миллиард теңге ұсынған. Компания Сингапурда тіркелген Weiye Trading-ке тиесілі.

Үшінші орынды Pro Explore Mining Company түйіндеп отыр. Олар Атырау облысындағы Қиғаш аумағы үшін 1,7 миллиард теңге ұсынған. Бұл компанияның түп иесі де қытай бизнесмені. 

Компания Қазақстанда екі-үш ай бұрын ғана тіркелген. Бұған қарап "бұлар арнайы осы аукционға қатысу үшін құрылған ба?" деген ойға қаласың.

Қалған үш учаскі де Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлардың бақылауына өткен.

Upstreamonline-ның дерегінше, Astana Guangming Mining мен HarmonyOre Mining Company Қытайдан келген инвесторлармен тығыз байланысты. Былайша айтқанда, бұлардың артында шетелдік капитал тұр.

"Аукционның ерекше назар аударар тұсы кей компаниялардың күні кеше ғана тіркеліп, қысқа мерзімде стратегиялық активтерге қол жеткізгені. Айталық, қыркүйекте тіркелген компанияның ірі жер телімдерін иеленуі аукционның әділетті өткеніне күмән туғызады", -  деп пайымдайды DALA INSIDE. 

Иә, шетелдік инвестицияның қажеттілігі түсінікті, алайда мұндай мәміленің ашықтығы мен ұлттық мүддеге сәйкестігі жіті назарда болуы керек.